Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 сентября 2020 16:56

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қандай болжамдар айтылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 106 мыңнан асты, 100 248 адам аурудан айықты. Қауіпті індет 1634 адамның өмірін қиды. Қазақстан, worldometers статистикасына сүйенсек, коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша 30-орында. Күз және қыс мезгілдерінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қандай болады? Tengrinews.kz тілшісі алдағы маусымға арналған болжамдарды жинады. 


Елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 106 мыңнан асты, 100 248 адам аурудан айықты. Қауіпті індет 1634 адамның өмірін қиды. Қазақстан, worldometers статистикасына сүйенсек, коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша 30-орында. Күз және қыс мезгілдерінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қандай болады? Tengrinews.kz тілшісі алдағы маусымға арналған болжамдарды жинады. 

Екінші толқын

Мамандардың сөзінше, қыста коронавирус өрши түседі. 27 тамызда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.

"Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қараша, қазан айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары", - деген еді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ал бүгін тамыздың басында күз мезгіліне болжам жасаудан бас тартқан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтты. Бүгінде министрлік болжам жасап, жағдайды бақылауға алған. 

"Ең дәл болжамдар екі апта ішінде жасалады. Күнде келіп жатқан көрстекіш әртүрлі. Қараша - желтоқсан айларында науқастар саны өсуі мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқын болуымен байланысты, сондай-ақ, жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаумен байланысты", - деді Цой.

Айта кетейік, Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесінде коронавирустың екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер бүгінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтады. Алайда вирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Сонымен қатар, балалар арасында ЖРВИ белгілері бар науқастардың өсуі байқалады. 

Соңғы бірнеше күн ішінде қалалық емхана жанындағы вирус белгілері бар балаларға мобильді бригадаларды шақыру саны артқан. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Алтай Төлебаев айтты.

"30 қоңыраудың 24-і балаларға қатысты. Көбіне бала бақшадағы кезекші топтарға барғандар", - деді дәрігер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайылов өңір COVID-19-дың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын айтты. 

"Коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін, сол бойынша дайындық жүріп жатыр. 200 орындық жаңа модульдік аурухана мен Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар корпусы, № 1 аурухана жанындағы қабылдау бөлмесінің корпусы салынып жатыр. Жасанды тыныс алдыру аппараты сатып алынып жатыр, жедел жәрдем бригадасының саны көбейтілді. 45 күнге арналған жеке қорғаныш құралдары мен дәрілер бар", - дейді ол. 

Екінші толқын Маңғыстау облысында да болуы мүмкін деп болжанды. Ол шамамен қараша-желтоқсан айларында болады. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева айтқан болатын.

"Яғни суық кез, барлық вирус инфекциясы белсенді болатын кезең. Сондықтан тұрғындар жеке қорғаныш құралдарын тағып жүруі керек. Егер барлық адам маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтаса эпидемияның беті ары қарайды. Әр жеке карантин режимін сақтаса екінші толқынның алдын аламыз", - деді Жаманбаева.

Маңғыстау облысында да қосымша төсек орындары дайындалған.

Карантин режимі қандай жағдайда күшейеді?

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин талабын күшейтудің бірнеше өлшемі барын айтты. Оның айтуынша, басты себептің бірі - ауруханалардағы төсек орындарының 70 пайызға толуына байланысты.

"Егер төсек-орындарда орын жетіспеушілігі туындаса, бұл мәселені мемлекеттік комиссияның отырысында көтереміз. Ал қазіргі таңда төсек орындар 15 пайызға толған. Бүгінгі таңда біз елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырмыз. Қазіргі таңда жағдай тұрақты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети