ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 ноября 2019 | 12:34

Ең болмағанда қарапайым білімдеріңіз болсын - Божко гептил жайлы айтқан вице-министрге

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Божко. © Тұрар Қазанғапов Владимир Божко. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Байқоңырдағы Ресейдің иелігінен қайтарылатын жер аумақтары мен ондағы зымыран қалдықтары мәселесін шешу жолдары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Байқоңырдағы Ресейдің иелігінен қайтарылатын жер аумақтары мен ондағы зымыран қалдықтары мәселесін шешу жолдары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңының жобасы Халықаралық шарттар туралы заңының 11-бабына сәйкес әзірленгенін хабарлады. Сондай-ақ, Омаров зымыран құлайтын өңірлер деп еліміздің төрт облысындағы 22 ауылдық жерлерді атады.

Отырыста министрге РФ иелегінен шығарылып жатқан жерлер жайлы сұрақ қойылды. 

"Негізі шығарылып жатқан жердің барлығы Төретам қаласындағы жерлер. Өнеркәсіп жеріндегі жер. Сондықтан зымырандар түсетін жерге қатысы жоқ. Зымыран қалдықтары келіп түскен жерге қатысты Ресей тарапынан арнайы комиссия шығады, олар келіп тексереді, қалдықтың барлығын өздері жинайды және ол жерлерді рекультивация жасау керек болады. Сол жерде ресейлік "Гипромаш" деген компания рекультивация жасайды. Қайтарылатын жерлер Төретам поселекесінің айналасы", - деді министр.

Ал экология мәселесіне қатысты сұраққа вице-министр ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жәркешов жауап берді.

"Зымыран қалдықтары түскен жерлердің халыққа қандай зияны бары туралы қазақстандық және ресейлік тараптың қос компаниясы өз түсініктемелерін береді. Біріншісі Ресей жағынан - Жерүсті және ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы, ал Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетіне қарасты "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Осы қалдықтар туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп, әр зымыран ұшырылған кезде облыстық, аудандық әкімдіктегілерге 10 күн алдында ақпарат жіберіледі. Зымыран ұшырылған соң осы екі компания зымыран қалдықтарын түскен жерлеріне барып жинап алады. Бұрында сондай жағдайлар болғаны есімізде. Халыққа зиянын осы айтылған екі компания анықтап, айтады. Негізгі мақсат - халыққа ештеңе қалдырмай, бөлшектерді жинап алып, ресейлік компанияға қайтарып беру", - деді ол.

Осы кезде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның сөзін бөліп, қалдықтарды ауыл тұрғындарының жинап әкететінін айтты.

"Сіздің мамандарыңыз құлап жатқан бөліктерге барғанша ауылдағы ағайын оның бәрін жинап, қораларға кіргізіп, екі-үш күн пайдаланып жүреді, білесіз бе? "Біз радиодан хабар жібереміз" дейсіз. Тыңдамайды оны. Қандай шара қолдануымыз керек? Алгоритмі бар ма?", - деп сұрады. 

Төрағаның бұл сұрағына вице-министр мұндай жағдайларды еститінін айтып, жауап берген. Алайда Нығматулин өз көрген мысалды айтты.

"Жезқазғанда зымыран қалдығы құлаған кезде, өз басымнан өтті. Зымыран қалдығы құлаған 500 шақырым жерге барғанша дым қалған жоқ. Ертеңгісін бардық, ештеңе жоқ. Сосын ауыл тұрғындарын жинап, қайтару керектігін, радиациясы барын айттық. Жалпы оны мына Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен бірге жасауымыз керек. Бірінші не істеу керек? Бірінші посттар болуы керек. Зымыран ұшатын күндері олар алдын ала дайын тұруы керек. Қарау керек. Елмен, халықпен жұмыс істеу керек. Ал сіздер бір күн ішінде шығамыз дейсіз", - деді Нығматулин. 

Вице-министр Жәркешов екі елдің тарапынан да бұл іспен айналысатын мамандардың барын айтты. 

"Дәл осы зымыран ұшырар алдындағы 10 күн бұрын жұмысқа кіріседі. Яғни жұмыс алгоритмі бар. Жұмыс тобы зымыран ұшырылғаннан кейін бірден қалдық жинауға кетеді", - деді ол.

Осы кезде Нығматулин бұл қызметті министрлік төтенше жағдайлар органдарымен бірге істеуі керегін ескертті. 

"Кешенді жұмыс атқарылуы тиіс. Халық қалдықтарды алып кетсе, қандай қатерге бас тігетінін білуі керек. Түсінесіздер ме?", - деді Нығматулин. 

Кейін вице-министрге зиян қалдықтарды жою мәселесі туралы сұрақ қойылды. 

"Утилизация бойынша, комбинирленген әдіс бар. Бұл әдісті "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жасаған. Грунт жиналып, онда катализаторлар, химиялық реагенттер енгізіліп, гептилдің ыдырауын жылдамдатады. Екіншісі - бактериялар енгізіп, жалпы алғанда гептилдің құрамын жояды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс әрдайым жүріп жатыр", - деп жауап берді Жәркешов. 

Алайда оның бұл сұрағына спикердің көңілі толмады. Ол Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божкоға сөз берді. 

"Біріншіден "гептилдің қалдығын жинайды" деудің қажеті жоқ. Гептил - атмосфераның тығыз қабаттарына кіру барысында жанып кетеді. Ең болмағанда қарапайым білімдеріңіз болсын. Сіздерде әрдайым сынама алатын зертхана бар. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер зымыран құлаған аймаққа барып, дайындықта тұрады. Бұл жаттығуларда ТЖК мен ІІМ әр кезде өткізіп отырады. Кезекші бөлімдер тіпті зымыран ұшқан ел аумағын бақылайды. Бұйрықтарды және өзара іс-қимыл жоспарларды оқу керек", - деп ескерту жасады Божко.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.86  course down  545.51  course up  5.07  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer