Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 февраля 2020 13:13

Еріктілер жылы кезекті науқан емес - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еріктілер жылы" қазақстандықтар адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еріктілер жылы" қазақстандықтар адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент волонтерлер күн сайын маңызды жұмыс атқарып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүргенін атап өтті.

"Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз. Алайда Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек", - деді ол республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында.

Оның пікірінше, волонтерлік қоғамға адал қызмет ету.

"Ол халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет. Еріктілердің бойындағы қайрат, жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Еліміздегі әр ауыл аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қалмайтынына сенемін. Бұл - ең алдымен өркениетті елдің және зор жауапкершіліктің белгісі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл жылы жастарға үлкен үміт артатынын атап өтті.

"Ғұлама Абай "Адамзаттың барлығын сүй бауырым "деп баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу - жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы еріктіліктің жарқын үлгісі боларына күменім жоқ. Мен волонтер жылы аясында ең алдымен еліміздің жастарына зор сенім артамын. Әрдайым абыройлы, әрі табысты болыңыздар", - деді президент.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ республикалық волонтердің фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис волонтерлер үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпарат беру қызметін атқарады.

Ресми шара EXPO көрмесінің Art Hub павильонында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети