Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 апреля 2020 14:57

Имам ораза ұстай алмайтындар қандай садақа беруі керегін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарт кісілер, созылмалы ауруы бар адамдар немесе мүлдем ораза ұстай алмайтын азаматтар хидия садақасын беруі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарт кісілер, созылмалы ауруы бар адамдар немесе мүлдем ораза ұстай алмайтын азаматтар хидия садақасын беруі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай Almaty телеарнасының онлайн-брифингінде айтты. 

"Рамазан айында ораза ұстай алмайтын кісілер болады. Емізік баласы бар, жүкті әйелдер, немесе ауырып жүрген, денсаулығы көтермейтін кісілер, сапарға шығатын кісілерге Рамазан айында оразаларын ашуына рұқсат. Кейін денсаулығы қалпына келген соң, сапардан келген соң, баласын омыраудан шығарған соң, оразаның қазасын ұстайды. Кейбір азамат болашақта мүлдем ораза ұстай алмауы мүмкін. Мысалы, созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға рұқсат. Бірақ оларға хидия садақасын төлеу міндеттеледі. Хидия садақасы дегеніміз бір күндік міскінді тойдыру. Елдегі асханалардағы тағам бағаларын зерттей келе, ғұламалар кеңесі хидияның көлемі 1700 теңге қылып бекітті. Яғни, ол жағдайы төмен бір адамның екі мезгіл тойып ішетін тамағы. 850 теңгеге бір рет тамақ ішуге болады екен. Соны екіге көбейтіп, 1700 теңге болып бекітілді", - деді Еркінбек Шоқай.

Бас имам пітір садақаның мөлшері 370 теңге екенін атап өтті де, азаматтар бұдан артық беремін деп ниеттенсе, көбірек беруге болатынын жеткізді.

"Бас мүфти хазрет, біздің діни басқарманың қарамағандағы ғұламалар кеңесе келе биылғы жамағат үшін өздерінің бас амандығы, отбасының амандығы үшін берілетін пітір садақа 370 теңге қылып бекітті. Бұл - ең төменгі мөлшер. Алайда, біздің кейбір азаматымыз отбасым үшін пітір садақаны көбірек беремін десе, мейіздің, құрманың бағасын есептей отырып, пітір садақадан артық беруге болады. Ол - әркімнің өз қалауы", - деді Еркінбек Шоқай. 

Сондай-ақ, бас имам қасиетті Қадір түні биыл 19 мамырдан 20 мамырға қараған түнге сәйкес келетінін атап өтті.

"Рамазан айында ерекше түн бар - Қадір түні. Ол - құран түскен түн. Адамның болашақ өмірі жазылады дейді. Осы түнді биыл 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні деп бекітіп отырмыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ күндерінің бірінде күтіңдер деген. Ғұламалар осы және басқа да хадистердің негізінде осы түнді бекітіп отыр", - деді бас имам.

Еске салайық, сарапшылар коронавирус пандемиясын ескере отырып, Рамазан айының қарсаңында Ораза ұстауға қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан жаңалықтары Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети