Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 мая 2020 11:14

Жамаубаев қаржы саласындағы ақпарат қалай қорғалатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iguides.ru Фото: iguides.ru

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы саласында ақпараттық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы саласында ақпараттық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында "Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі" заң жобасы талқыға салынды. Заң жобасын депутаттарға Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Сенатор Әлімжан Құртаев министрге өз сауалын жолдады.

"Осы келісімді іске асыру кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде лазауымды тұлғалардың қадағалап отыру жүйесіне қатаң шектеу қажет. Осы орайда ұлттық қадағалау жүйесіндегі мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданады?", - деп сұрады депутат.

Жамаубаев бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Сұрағыңыз өте орынды. Мұнда негізгі толғандыратын 3-4 мәселе бар. Сіз дұрыс айттыңыз. Ол - ақпарат жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі және ақпарат жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнестің жұмысына шектеу қоймау. Біздің республикалық бюджетке түсімдер түсуі керек және ұлттық мүддеміз қорғалуы керек. Кеше Президент айтып өткендей", - деді министр.

Ол қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікке тоқталды.

"Ақпарат жүйесіне тоқталайын. Мұнда қаржы министрлігінде, мемлекеттік кірістер комитетінде ақпараттық жүйені қорғау толық іске асырылып жатыр. Біріншіден, осы ақпараттық жүйеге кіретін адамдардың нақты тізімі бар. Ол бұйрықпен бекітілген. Кез келген адам оған кіре алмайды. Ол жүйеге кірген адамдардың жауапкершілігі заңмен белгіленген. Егер қандай да бір заңды бұзатын болса, ол тәртіпке шақырылады. Оның жазасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген", - деді Жамаубаев.

Сондай-ақ, ол мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты мәлімет арнайы жүйе арқылы қорғалатынын жеткізді.

"Кибер қалқан" деген жүйе бар. Бұл ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан бақыланып отыр. Яғни рұқсатсыз санкциялар болса, онда тиісті белгі беріледі. Біз тиісті шараларды қабылдап отырамыз. Сондықтан мұнда күмәніңіз болмауы керек. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді сөзін министр.

Сенаттың жалпы отырысында аталған заң жобасы мақұлданды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети