Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 декабря 2021 15:12

Желіде "омикрон" штамы туралы фейк тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sky.com Фото: sky.com

Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы шыққаннан кейін бұл туралы жаңа фейктер шыға бастады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде "омикронға" қатысты тараған фейктерді жоққа шығарады. 


Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы шыққаннан кейін бұл туралы жаңа фейктер шыға бастады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде "омикронға" қатысты тараған фейктерді жоққа шығарады. 

"Коронавирустың штамдары кесте бойынша шығады" - фейк

Қазнетте Sars-CoV-2 коронавирусының жаңа нұсқалары пайда болуының фейк "кестесі" қайта тарала бастады. Бұл жолы олар жақында табылған "омикрон" нұсқасы бұрын кестеде болғанына назар аударады. Олардың пікірінше, бұл пандемияның қолдан жасалғанын және жоспарланғанын дәлелдейді. 

Онда коронавирус штамдары 2023 жылға дейін жоспарланып қойғаны жазылады. Суретте "штамдар кестесі" мен әлемдік ұйымдардың логотиптері белгіленген. Бірақ ресми құжатқа ұқсайтындай ешкімнің қолтаңбасы немесе ұйым мөрі жоқ. 

StopFake.kz сайты бұл жалған ақпарат екенін дәлелдеді. Коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болу күндері көрсетілген мұндай фотосурет бұған дейін тараған. 

Алайда, бұл жолы қастандық теориясын жақтаушылар тізімде сол кезде анықталмаған нұсқалардың бірінің дұрыс атауы - омикрон көрсетілгенін айтып отыр. Бұл құпия емес. Мәселе мынада, Sars-CoV-2 вирусының барлық жаңа нұсқасына грек алфавиті әріптерінің атауы беріледі. Бұрын оларды табылған жердің атауы бойынша атап келді, бірақ бұл жаңа және қауіпті, жұқпалы штамдар шыққан елдер халқының наразылығын тудырды.

Демек, болашақта тағы да штамм анықталып жатса, оған грек әліпбиінің тағы бір әрпі берілетінін болжам қиын емес. Грек алфавитінде 24 әріп бар.

Бүгінгі таңда анықталған вирустардың нұсқалары 13: альфа, бета, гамма, дельта, эпсилон, зета, бұл, тета, йота, каппа, ламбда, мю және омикрон.

Яғни, грек әліпбиінде тағы 11 әріп бар, табылған жаңа нұсқаларға солардың атаулары беріледі.

Оның үстіне бұл "кестеде" штамдар шығу уақыты қате. Себебі онда "омикрон" 2022 жылдың мамырында шығады деп жазылған. Ал бұл штамм биыл қарашаның соңында пайда болған еді. 

Фото: Reuters

"Омикронды" ПТР-тест анықтай алмайды" - фейк

Украина мен Ресейде "омикронға" қатысты тағы бір фейк тарап жатыр. Бұл фейк Қазақстанға да келуі мүмкін, сондықтан бірден жоққа шығарып тастайық. 

Желіде тараған видеода "омикронды" ПТР-тесттер анықтай алмайтынын айтылады. Роликте оған "омикрон" атауы берілгені де "күдікті" делінген. Бұл видеоны украиналық "Адвокат Сергій Гула" каналы жариялаған. 

Бірақ "омикрон" штамының гендік комбинацияларын ПТР-тестпен анықтауға болады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. ДДСҰ мәлімдемесіне сүйенсек, бірнеше зертхана нәтижесі бойынша қазір қолданыстағы ПТР-тест "омикронды" анықтай алады.

Сонымен қатар, осы роликте жаңа штамның шығуына вакцина кінәлі екені айтылады. 

"Пандемия кезінде вакцина салдыруға болмайды, себебі одан мутация болады", - делінген хабарламада.

Бірақ онда ешқандай дәлел не ғалым пікірі келтірмеген. Ал ДДСҰ былтырдан бері коронавирус пандемиясын жеңудің жалғыз аманы жаппай вакцинация екенін мәлімдеп келе жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети