Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 марта 2020 11:04

Желіде Тоқаевтың дүнгендермен кездесуінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дүнген диаспорасымен кездесуінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дүнген диаспорасымен кездесуінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Продолжение

Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

Кездесуде Қордай ауданының Құрметті азаматы Шисыр Динласон кезінде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қонақжайлығы мен мейірімі үшін алғыс білдірді.

"Дүнгендер 1878 жылы Қытайдан Қазақстанға көшіп келді. Қазақ халқы бізді өте жақсы күтіп алды, наны мен тұзын бөлісті. Бірге өмір сүргенімізді мақтан тұтамыз. 140 жылдай бірге тұрып келеміз. Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері салт-дәстүрі мен тілін сақтап қалды. Барлығы қазақ халқы мен Президенттің ұстанған саясатының арқасы", - деді Шисыр Динласон. 

Сондай-ақ, Қордай ауданының тұрғыны Шисыр Динласон Қордайда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Өздеріңіз білетіндей, 7 ақпанда қақтығыс болды. Ол оқиғаның болғанына өте қатты өкінеміз және кешірім сұраймыз. Әлі де Қазақстанның дамуы үшін қызмет етіп, еңбектенуіміз керек", - дейді ауыл тұрғыны. 

Сортөбе ауылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эдик Суларов жергілікті балаларға мемлекеттік тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін оқытуға ниетті екенін жеткізді.

"Мен өзім қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде өз оқушыларыма біздің еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын мақтаныш етіп қорғауға, сақтауға тәрбиелеймін. Әсіресе мемлекеттік тілді толық меңгеруге барлық күшімді саламын. Біз дамуға бет алып, керемет мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымыз", - дейді мектеп мұғалімі Эдик Суларов. 

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев оқиғаның басқа себебі болғанын айтты

Айта кетейік, кеше, 1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті. Президент кездесуде Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.4   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети