Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 апреля 2020 11:26

Жемқорлық туралы ақпарат берген адамның құқығы қалай қорғалады?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жемқорлық қылмысы туралы ақпарат берген адамның құқығы заң аясында қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жемқорлық қылмысы туралы ақпарат берген адамның құқығы заң аясында қалай қорғалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды.

Отырыс барысында Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы ақпарат берген адамның құқығы қалай қорғалатынын түсіндірді.

"Ақпарат берушілердің құқығын қорғаудың әртүрлі тетігі бар. Мысалы, олардан жауап алу жасырын түрде жүргізілуі мүмкін. Яғни адамның жеке деректерін жарияламауға да мүмкіндік бар. Тіпті, оның құжаттарын өзгертуге болады", - деді ол.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары заң жобасы аясында қазақстандықтар жемқорлық дерегі бойынша басқа да мемлекеттік органдарға шағым түсіруге мүмкіндігі болатынын жеткізді.

"Қарастырылып отырған заң шеңберінде біз осы адамдар жүгіне алатын мемлекеттің органдардың тізбесін кеңейтіп жатырмыз. Біздің ұсынысымыз бойынша ақпарат беруші агенттіктің бөлімшелеріне ғана емес, басқа да құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға жүгіне алады. Сондықтан заңға осындай норма енгізілгелі отыр", - деді Олжас Бектенов.

Талқыға салынған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети