Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 февраля 2020 17:42

"ЖОО-лар сапасыз білім береді". Аймағамбетов көпшілік айтатын сынға жауап берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында колледждерге академиялық еркіндік берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында колледждерге академиялық еркіндік берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен министр жұмыс берушілердің "жоғары оқу орындары сапасыз білім береді" деп білім беру жүйесін сынға алатынын атап өтті. Ол бұл мәселені шешу үшін кәсіби стандарт әзірленгенін жеткізді.

"Өткен жылдың соңында кәсіби стандарттарды бекіттік. Алда білім беру жүйесін өзгерту мәселесі тұр. Олар кәсіби стандартқа сәйкес келуі керек. Былтыр арнайы заң қабылдадық. Ол жоғары оқу орындарына академиялық еркіндікті береді", - дейді Асхат Аймағамбетов еңбек ресурстарын дамыту орталығында өткен кеңесте.

Ведомство басшысы осы уақытқа дейін отандық университеттер білім беру бағдарламасын өз еркімен өзгерте алмағанын атап өтті.

"Мұндағы білім беру бағдарламасы дербес әрекет ете алмайтын типтік бағдарлама еді. Оны білім және ғылым министрлігі бекітетін. Ол бағдарламалар тұрақты түрде өзгермейтін, ескіріп қалатын. Ал жаңа қабылданған заңда әрбір университет кәсіби стандарттың негізінде білім беру бағдарламасын бекіте алады деп жазылған. Енді кәсіби стандарт жиі өзгеруі мүмкін", - деді министр.

Оның айтуынша, алдағы уақытта еліміздегі жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өзгертіп отыруы керек.

Сонымен қатар, ол колледждерге академиялық еркіндік берілетінін айтты.

"Алдағы уақытта тағы бір маңызды міндет тұр. Бізге техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көшу керек. Колледждерге академиялық еркіндік бергелі отырмыз. Себебі, колледждер де нарықтың сұранысына сай болуы керек. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін елордадағы еңбек ресурстарын дамыту орталығында жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі талқыға салынды. Жиынға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Шара барысында қос министр ұлттық білік жүйесін енгізу мәселелерінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети