21 сентября 2020 | 12:28

Жыл сайын адам саудасына байланысты 180 қылмыстық іс қозғалады - ІІМ

Даурен Ерболат Журналист
Фото: freepik.com

Жыл сайын елімізде адам саудасына байланысты шамамен 180 қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын елімізде адам саудасына байланысты шамамен 180 қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, "STOP трафик" операциясы барысында полиция қызметкерлері 3 күнде адам саудасына байланысты 50-ден аса қылмысты анықтаған.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде бір дерек жасөспірімді саудалау, екеуі адам саудасы, үшеуі еңбек және жыныстық қанау мақсатында бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеудің 6 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмаған да бар. Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу мақсатында притондар ұйымдастырудың 41 фактісі де анықталды", - деді ол министрлікте өткен брифингте.

ІІМ елімізде қандай қылмыс жиі жасалатынын айтты

Қазақстанда қанша адам іс-түссіз жоғалған?

Думан Таев елімізде құлдыққа көбінесе ер адамдар түсетінін атап өтіп, қанша тұрғын із-түссіз жоғалғанына тоқталды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Оның ішінде 20 бала бар. Көбінесе құлдыққа ерлер түседі. Себебі, олар басқа өңірлерге жұмыс іздеп, іс-сапарға жиі шығады. Сондай-ақ, ішімдік ішетін әйелдердің де құлдыққа түсу фактісі тіркеледі. Жөспірімдер арасында көбінесе берекесіз отбасылардың балалары құлдыққа түседі. Балалар ата-анасы ішімдікке салынғандықтан үйден қашып кетеді", - деді басшы.

Сондай-ақ, ол 80 пайыз жағдайда іс-түссіз жоғалғандардың қайда жүргені анықталып, олар туыстарына қайтарылатынын жеткізді.

"Адам саудасы үшін 26 адам сотталды"

Таев соңғы жылдары шетелде сексуалдық құлдықта болған 15 қыздан шағым түскенін атап өтті.

"Өткен жылы 2 ұйымдасқан топ анықталды. Олардың бірі адам ағзасын тасымалдаумен, екіншісі, қыздарды сексуалдық құлдыққа салып, жеңгетайлықпен айналысқан. Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары қазақстандықтарды Бахрейн, Түркия, Оңтүстік Кореяға апаратындарды анықтады. Олар қазақстандықтардың еңбегін заңсыз пайдаланбақшы болған. Өткен жылы адам саудасы үшін 26 адам сотталды", - деді басшы.

"Жыл сайын 180 қылмыстық іс қозғалады"

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде және шетелде 80-ге жуық адам құлдыққа түседі екен.

"Жыл сайын Қазақстанда адам саудасына байланысты шамамен 180 қылмыстық іс қозғалады. Адам саудасына байланысты қылмыстар карантин уақытында да тіркелді. Қылмыс дерегі күрт өсті немесе төмендеді деп айта алмаймын. Елімізде адам саудасының құрбандары арасында Қазақстан және шетел азаматтары да бар. Практика көрсетіп отырғандай, бұл - Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтары", - деді Таев.

"Құжаттарыңызды ешкімге бермеңіздер"

Сөз соңында полиция басқармасының басшысы кеңес берді.

"Ең маңыздысы "жалақысы жоғары жұмысқа орналастырып беремін" деген уәдеге сенбеңіздер, құжаттарыңызды ешкімге бермеңіздер. Басқа қалаға немесе мемлекетке барған кезде мекенжайыңызды, байланыс нөмірлеріңізді жақындарыңызға қалдырып немесе айтып кетіңіз. Егер қиын жағдайға тап болсаңыз, бірден жақын маңдағы полиция бөлімшесіне барыңыз немесе 102 қызметіне, 116-16 сенім телефонына хабарласыңыз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная