Жылуы жоқ: Қоянқұстағы мектеп оқушылары көрпеше тасып, сабақта күртемен отырады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Алматы облысы Қоянқұс ауылындағы №47 мектеп 7 жылдан бері орталықтындырылған жылу жүйесіне қосыла алмай отыр. 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілген білім ошағы әлі күнге дейін дизельдік отынмен жылытылып келеді. Жылытылады деген аты ғана. Қыс бойы балалар көрпеше тасып, сабақта күрте киіп отыруға мәжбүр. Күмәндісі сол мәселені шешуге білім бөліміндегілер емес, ата-аналар асығып отыр. "Балаларымыз шетінен ауру" деген жұрттың жанайқайын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Қоянқұс ауылындағы №47 мектеп 7 жылдан бері орталықтындырылған жылу жүйесіне қосыла алмай отыр. 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілген білім ошағы әлі күнге дейін дизельдік отынмен жылытылып келеді. Жылытылады деген аты ғана. Қыс бойы балалар көрпеше тасып, сабақта күрте киіп отыруға мәжбүр. Күмәндісі сол мәселені шешуге білім бөліміндегілер емес, ата-аналар асығып отыр. "Балаларымыз шетінен ауру" деген жұрттың жанайқайын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жанар Сейтбекованың 4 баласы 47-мектепте білім алады. Көпбалалы ана білім ошағының орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағанына наразы. Себебі дизелдік отынмен жылытылатын мектептің іші суықтан қақырап тұр.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

"Менің осы мектепте 4 балам оқиды. Мектеп 2017-2018 жылғы оқу жылында қолданысқа берілген. Содан бері газ жүйесіне қостыра алмай жүрміз. Жылда ертеңменен бізді тойдырып келе жатыр. Жеті жылдан бері біздің өтінішіміз білім басқармасына жетпеді. Дизельдік отынды үнемдеңдер деп мектеп әкімшілігіне қысым көрсетеді. Ақыр соңында зардап шегіп жатқан балалар мен олардың ата-аналары. 2 күн сабаққа келсе 3 күн балалар ауырып жатады", - дейді көпбалалы ана Жанар Сейтбекова.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов. Білім ордасының қабырғасы.

Мектептің құрылысында да кінәрәт бар дейді ата-аналар. 7 жылдан бері асты су, үстінен жел гулеп тұр. Себебі төбеден аққан су төменге жиналған. Ылғалдың иісінен жүру мүмкін емес екен. Сынып жетекшілері скотчпен мектептің терезелерінен соққан желді бітеп отыр.

"Газ мәселесі бізді қатты алаңдатады. Мысалы газ 23-25 теңге тұрса, дизельдік отын 300 теңгеге бағаланған. Оны қыс бойы үнемдейді ғой сосын. Біреудің қалтасын томпайтып жатырмыз біз. Күн суытқанда балаларымыз спортзалды мүлде көрмейді. Түске дейін мектеп жылиды да, түстен кейін батареялар салқындап кетеді. Демалыс күндері жылу жүйесін мүлде өшіріп тастайды. Балаларымыз мектепке көрпеше тасып, сабақта күртемен отырады. Сынып жетекшілері скотч әкеліңдер депті. Терезелерден соққан желді скотчпен бітеп жатыр. Былтыр қаңтар айында дизельдік отынның қатып қалуына байланысты сабақ болмай қалды", - дейді Жұмабекова Лаура.

Ата-аналардың айтуынша, мекеменің үшінші қабаты тіптен суық. Мектеп басшылығы сол қабатқа жоғары сынып оқушыларын жайғастырыпты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 510.35  course down  578.44  course up  6.38  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 24
Астана 22
Актау 22
Актобе 22
Атырау 21
Б
Балхаш 29
Ж
Жезказган 23
К
Караганда 22
Кокшетау 21
Костанай 33
Кызылорда 25
П
Павлодар 22
Петропавловск 26
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 28
Тараз 32
Туркестан 19
У
Уральск 21
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer