ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ноября 2019 | 11:16
"Қанша адам өлтіргенімді білмеймін". Қазақстандық содыр Сириядағы өмір жайлы баяндады
Думан Сәдуақасов ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының шекарасын күзетіп, бірнеше соғысқа қатысқан. Ол Сириядағы аштықты есіне алды. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Думанның Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Думан Сәдуақасов ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының шекарасын күзетіп, бірнеше соғысқа қатысқан. Ол Сириядағы аштықты есіне алды. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Думанның Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.
Думан Сәдуақасов 1990 жылы Степногорск қаласында қарапайым отбасыда туған. Мектепте спортпен айналысқан. Кейін университетке түскен, бірақ оны аяқтамаған. Салафат ағымын ұстанатынын жасырмайды. Оны бұл жолға ағасы тартқан екен. Думан мен оның ағасы "теріс жолдағылармен" соғысуға шақырған Саид Бурятсий, Надыр Бухаридің дәрістерін тыңдаған.
"Интернеттен ғана дәрістер тыңдап жүрдім. Білім алып, ұстаздарға барғаным жоқ. Сирияның жергілікті халқы, арабтары көмек сұрағанда намысқа тиетін сөздер айтады. "Ер адам болсаңдар, елдеріңде неге жүрсіңдер? Бізді мұнда қырып, өлтіріп, қыздарымызды зорлап жатыр" дейді. Кейін ағам намазға жығылды. Маған қарағанда, дінге деген сенімі қаттырақ болды. Кейін ол "тезірек кетейік, қазір бармасақ, кейін бара алмаймыз" деп мені асықтыра бастады. Сөйтіп көндірді", - дейді Сәдуақасов.
Видео кадрынан
Көп ұзамай ағайынды Сәдуақасовтар ДАИШ құрамында соғысу үшін Сирияға аттанған. 29 жастағы Думан шекарада күзетші және шабуылшы болған.
"ДАИШ енді құрылған кезде шабуылдар көп болды, жерлер тартып алынды. Мен шекара күзетінде барлауда жүрдім. Өздері майдан алаңына жоламайды, артта тұрады. Қанша адамды өлтіргенімді білмеймін. Бізде автомат, винтовкалар болса, оларда ұшақ болды", - дейді ол.
Сәдуақасов содыр болып жүріп, соғыста қанша адам өлтіргенін білмейтінін айтады.
"Басында ешқандай өкініш болған жоқ. Бізде "Мұның бәрі таза шариғат, Алланың заңы, бәрі тең" деп айтты. Кейін сөздері мен істерінің сәйкес келмейтінін көрдік. Ағам 2017 жылы әскери дайындықтан өтті. Кейін төрт-бес айға жетпей, ағам Сирияның батыс жағында қаза тапты", - дейді Думан.
Ағасы қаза тапқаннан кейін, Думан тұтқынға түскен. Екі рет үйленген екен.
"Бүкіл халық жоқшылық көріп, аш болып жатқанда, Ирак арабтарының аш жүргенін көрмеппін. Мысалы, адамдар даладағы жасыл шөпті жеп жүрді, тамақ жоқ. Талай адам әлі түрмеде отыр, олардың тағдыры не болады? Сатып жібере ме, өлтіре ме - белгісіз. Кейбірінің бала-шағасы бар", - дейді ол.
Айтуынша, ол Сириядан кетуді мақсат қылған. Бірақ Қазақстанға емес. Құжат жасап, амалын тауып, Еуропаға ұшып кетемін деген ой болғанын айтады.
"Адам өз көзімен көрмейінше, сенбейді. Біз тұтқынға түскеннен кейін ажыратып тастады: әйелдерді бір бөлек, бізді бір бөлек алып кетті. Үлкен саясат, ақша, мұнай болғанын енді түсініп отырмыз. Соғыстың бәрі содан деп ойлаймын", - дейді Думан Сәдуақасов.
Оқи отырыңыз:Ағасы әскери базаны өзімен бірге жарып жіберген. Сириядағы соғыста жарақат алған жігіттің оқиғасы
"Аяғым сау болса, өлтіріп тастар еді". Сириядан мүгедек болып оралған жігіттің оқиғасы
"50 доллар жәрдемақы беріп отырды". Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы
"Бомба түсіп, қазақтардың қаза тапқанын көрдім". Сириядан оралған жігіттің жантүршігерлік оқиғасы
Показать комментарии
Читайте также