Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 июня 2020 13:04

Карантин шараларын күшейтуге мәжбүрмін - Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Егер қалада жұмыс істеп тұрған ұйымның басшылары мен тұрғындар карантин шараларын сақтамаса, жаппай жұқтырғандар саны көбейе береді. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мүмкін болмай отыр. Сондықтан карантин шараларын күшейтуге мәжбүр болады. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Егер қалада жұмыс істеп тұрған ұйымның басшылары мен тұрғындар карантин шараларын сақтамаса, жаппай жұқтырғандар саны көбейе береді. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мүмкін болмай отыр. Сондықтан карантин шараларын күшейтуге мәжбүр болады. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, қала тұрғындарының карантин шараларын сақтамауы, жаппай жұқтыру жағдайының көбейіп жатқанына себеп болып отыр.

"Құрметті ұйымдардың басшылары науқастардың саны көбейген жағдайда мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері ретінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін шектеу және карантин ережелерін күшейтуге мәжбүрмін. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына немқұрайды қарағаныңыз бізге эпидемиологиялық жағдайды тұрақты етуге және қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік бермей жатыр. Тағы да сіздерге ойланып, бізге осы жағдайдан шығуға, бүкіл әлем тап болған қиын жағдайдан шығуға көмектесуді сұраймыз", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Коронавирус пандемиясы аяқталды деп айтуға болмайды - Қисықова

Сондай-ақ бас санитар қала тұрғындары мен қонақтарынан адам көп жиналатын орындарға бармауды және карантин ережелерін сақтауды сұрады. 

"Біздің талаптарымыз бен ұсыныстарымыз сіздердің денсаулығыңызды ойлап жасалып жатыр. Сондай-ақ қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ету үшін қолға алынған. Бірге мәселені шеше аламыз. Сіздердің әрқайсыңыздың жауапкершілігіңіз бен түсінігіңізге үміттенемін", - деді Пірәлиева.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова шаһарда 270 бала коронавирус жұқтырғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети