1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Қазақстанда 30 мың адам түрмеде жазасын өтеп жатыр - ІІМ 19 октября 2020, 11:45

Қазақстанда 30 мың адам түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Нашли ошибку?

Фото: spring96.org Фото: spring96.org

Қазақстанда 30 мың адам түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейінгі 9 жылда түрмеде жазасын өтеушілердің саны 2 есе, яғни 57 мың адамнан 30 мыңға азайды. Түрмедегі жазасын өтеушілердің саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 100-орында тұр. Алайда осыдан 18 жыл бұрын еліміз Ресей, АҚШ-тан кейін үшінші орында еді", - дейді комитет төрағасы ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Жанат Ешмағамбетов бүгінде еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 82 мекеме барын атап өтті.

"Онда 30 мың адам жазасын өтеп жатыр. Яғни 66 колонияда түрлі режимде 25 мың адам жазасын өтеп жатыр. Ал 16 тергеу изоляторында 5 мыңнан аса адам қамауда отыр", - дейді басшы.

Сонымен қатар, комитет төрағасы алдағы уақытта бұл мекемелерде бейнебақылау камерасы орнатылатынын, 2014 жылдан бері Қазақстанда 12 мекеме жабылғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram