ПОДЕЛИТЬСЯ
05 августа 2021 | 16:36
Қазақстанда адам саны 19 миллионға жетті. Ал халық санағы не үшін қажет?
Таяуда Қазақстанда 19 миллионыншы тұрғын дүниеге келгені хабарланған. Ал 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында елімізде жалпыұлттық халық санағы өтеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда Қазақстанда 19 миллионыншы тұрғын дүниеге келгені хабарланған. Ал 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында елімізде жалпыұлттық халық санағы өтеді.
Бірақ тұрғындар саны қанша екені белгілі болса, халық санағы неге қажет? "Ұлттық халық санағы-2021" ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы Tengrinews.kz тілшісінің халық санағына қатысты сұрақтарына жауап берді.
1. Тұрғындар саны белгілі болса, халық санағы не үшін қажет?
Халық санағы - бұл елдегі халық өмірінің экономикалық, демографиялық және әлеуметтік аспектілері бойынша, оларды экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, әлеуметтік бағдарламалар құру үшін, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдалануға болатын ауқымды деректер алуға мүмкіндік беретін айтулы және ауқымды іс-шара.
Халық санағы не үшін қажет? Санақ нәтижесі экономикалық және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін қажет, яғни құрылыс және баспаналарды бөлу, демографиялық және көші-қон процестері, білім, денсаулық сақтау салаларында және жұмыс орындарын құру бағдарламаларын дамытуға көмектеседі. Халық санағы жұмыс орындары туралы, ал бизнес үшін маңызды және нақты соңғы тұтынушы туралы толық сипаттама береді. Халық санағына қатысқан әрбір тұрғын мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге салмақты үлес қосады.
2. Халық санағынан кейін қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Мысалы, 2009 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша талдамалық есебі даярланды және жалпы республика, қалалық және ауылдық жерлер, аймақтық (өңірлік) бөлік, жыныс пен жас, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, дін ұстануы, білім деңгейі, тілдерді меңгеру дәрежесі, үй шаруашылықтарының саны мен көлемі, тұрғын үй-жағдайлары мен басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша қорытынды деректер алынады.
3. Халық санағының сауалнамасында қандай сұрақтар болады?
2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде халықтың саны, жынысы, құрамы, білімі, көші-қоны, неке жағдайы, тууы, жұмыспен қамтылуы, күнкөрістің негізгі қаражат көзі, тұрмыс-тіршіліктің шектеулеріне қатысты сұрақтар болады.
Санақ парақтарының мазмұны мен сұрақтарын қою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен (ҚР ПӘ ішкі саясат бөлімі, ҚР МСМ, ҚР АҚДМ, ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР ІІМ, ҚР СІМ), БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия бойынша басқармасының өкілдігімен және БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының өкілдерімен бірлесіп жұмыстар жүргізіліп, келісілді. Санақ парақтары sanaq.gov.kz сайтында бар.
4. Халық санағы кезінде айтылған деректер басқаның қолына түсуі мүмкін бе?
Алғашқы статистикалық деректер құпия түрде сақталады және оны мемлекеттік статистика органдары тек статистикалық ақпаратты алу, жинау мақсатында ғана пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде олардың құпиялығын қамтамасыз етеді.
Азаматтардан санақ кезінде алынған барлық ақпараттар Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Жіберілетін барлық файл шифрланады.
Алғашқы статистикалық деректердің сақталуы мен құпиялығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін процестер шеңберінде қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану арқылы және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен бірге жүзеге асырылады.
5. Тұрғындар жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін бе?
Тұрғындар жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылмайды, бірақ онлайн режимінде де, интервьюерлермен де санақтан өту кезінде сұрақтарға жауаптарыңыздың дұрыс болуы өте маңызды.
6. Биыл пандемияға байланысты халық санағы қалай өтеді?
Халық санағы мамандандырылған сайтта интернет-сауалнама (24 сағат қолжетімді) және планшеттерді пайдалана отырып, жаппай аралау арқылы жүргізіледі. Пандемияға байланысты вакцинациясы бар, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген интервьюерлер жұмысқа тартылады.
7. Халық санағын өткізу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні бекітілді ме?
2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландыруға бюджеттен 9,1 миллиард теңге бөлінді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также