Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 января 2021 10:15

Қазақстандағы парламент сайлауының қорытындысы шықты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды. Үш саяси партия Мәжіліске өтті. Мәліметтерді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды. Үш саяси партия Мәжіліске өтті. Мәліметтерді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайлауда 7 241 562 қазақстандық дауыс берілді.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы мынадай болды:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) -  659 019 дауыс немесе 9,10 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы -  5 148 74 дауыс немесе 71,09 пайыз дауыс;
  • "Ақ жол" партиясы -  792 828 дауыс немесе 10,95 пайыз дауыс;
  • "Ауыл" партиясы - 383 023 дауыс немесе 5, 29  пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы -  258 618 дауыс немесе 3,58 пайыз дауыс.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша да Мәжіліске 7 пайыздан аса дауыс жинаған үш партия өтті.

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
  • "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Парламент Мәжілісіне көшу үшін партиялар жеті пайыз кедергіні еңсеруі қажет. Палата кемінде екі партияның қатысуымен құрылады. Егер сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек бір саяси партия алатын болса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге осы саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ең көп санын алған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

Exit poll - дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шыққан кезде социологиялық қызметтер жүргізетін, әлемдік әлеуметтанулық практикада қолданылатын азаматтардан сауалнама алу рәсімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети