Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 декабря 2020 12:46

Қазақстандықтар зейнетақыны енді ЕАЭО елдерінде ала алады. Бұл нені білдіреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Кеше, 7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл келісім нені білдіреді және оның мақсаты қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Кеше, 7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл келісім нені білдіреді және оның мақсаты қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Келісімнің мақсаты қандай?

Біріншіден, келісім күшіне енгенде Еуразиялық экономикалық одақ азаматтары ЕАЭО-ға мүше басқа елдердегі еңбегі бойынша зейнетақы құқығын қалыптастыру, сақтау және жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, еңбекшілердің зейнетақысын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелер шешіледі және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі туады.

Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әр ел (Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан) өз аумағында жұмыс өтілі кезеңдері үшін зейнетақы тағайындайды, сондай-ақ зейнетақы алу құқығын анықтап, халықаралық шарттардың нормаларын ескере отырып, оның мөлшерін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейді. Келісім тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алуға құқық береді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлер тұратын мемлекетке аударуды көздейді.

Заң бойынша ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттарына Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар аудару және зейнеткерлік жасқа жеткенде төлемдер алу көзделген.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің зейнетақы жүйесі әртүрлі.

"Мысалы Беларусь Республикасында жинақтаушы жүйе жоқ. Қазақстан, Ресей және Арменияның жинақтаушыжүйесі әртүрлі. Зейнетақы жүйесін қаржыландыру және зейнетақы қорларын бөлу тәсілдері жағынан да айырмашылығы бар. Одан бөлек, олар құрылым жағынан да зейнеткерлік жасы, мөлшері, еңбек өтілі, зейнетақы аударымдарының көзі және басқа да параметрі бойынша ерекшеленеді. Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы жұмыс істейтін азаматтар үшін ғана көзделген", - деп түсіндірген еді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Министрдің сөзінше, әр мемлекет зейнетақыны өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес төлейді.

"Мысалы Қазақстан мен Қырғызстанда азаматтардың осы санаты үшін зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналары төленбейді. Біздің тарапымыздан осы келісімді іске асыру бойынша уәкілетті орган Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады. Осы келісімді іске асыру үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органы белгіленеді, сондай-ақ өзара қарым-қатынастар тәртібі бекітіледі", - деді Нұрымбетов.

Келісімнің мүмкіндіктері қандай?

"БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары Гүлмира Кимолаеваның сөзінше, зейнетақымен қамсыздандыру саласында тең құқықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Нақты айтар болсақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекет зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша өз азаматтарына қандай құқық ұсынса, Одаққа мүше басқа елдердің азаматтарына да дәл сондай дәрежеде құқық беруге міндетті болады. Келісімнің тағы бір көздеген мақсаты - еңбекшілердің ЕАЭО елдерінде алған зейнетақы құқықтарын қорғау, еңбекшілердің зейнетақысын тағайындау және аудару мәселелерін шешу, Одақ арасында зейнетақы саласында ынтымақтастықты дамыту.

Одаққа мүше әрбір ел, азаматқа сол жұмысқа орналасқан мемлекеттегі еңбек өтілі мен зейнетақы жарналары аударылған кезеңге лайық зейнетақы төлейді. Сондықтан еңбекшілер Одаққа мүше-елдердегі жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеулері тиіс. Яғни, қызметкердің өзге елдегі жұмысы заңды, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде болуы керек. Зейнетақы құқықтары осылай қалыптасады", - дейді ол.

Сонымен қатар, Гүлмира Кимолаева ол үшін қандай құжаттар жинап, қайда тапсыру керегін түсіндірген.

"Егер Қазақстанда жұмыс істейтін Ресей азаматының банк шоты Ресейде ашылған болса, БЖЗҚ зейнетақыны үш ай сайын Ресейдің зейнетақы қорына рубльмен аударады. Әрі қарай ресейлік қор зейнетақыны алушының банк шотына жібереді.

Егер Қазақстан азаматы келісім күшіне енген соң, Ресей аумағында еңбек өтіліне ие болса (мысалы 5 жыл), Ресей Федерациясы өзінің зейнетақы заңнмамасының шарты бойынша (зейнет жасына толу, белгілі бір еңбек өтілінің болуы, жеке зейнетақы коэффициентінің саны) оған осы елдегі нақты еңбек өтіліне қарай зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы тиіс өтінішті және құжаттарды Ресейдің Зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға тапсыра алады. Егер оның банк шоты Ресейде емес, Қазақстанда ашылған болса, Ресейлік қор зейнетақыны үш ай сайын біздің Қорға теңгемен аударып отырады. Ал қор оны әрі қарай алушының банк шотына жібереді", - деп түсіндірді маман. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети