ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 мая 2019 | 21:10

Қазақтың асылған еті қай кезде пайдалы, қай кезде зиян - Маман кеңестері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін - Дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні. Осы атаулы күнге орай Tengrinews.kz тілшісі тағамтанушы, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының маманы Айгүл Нағашыбекқызынан дұрыс тамақтанудың жөнін сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін - Дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні. Осы атаулы күнге орай Tengrinews.kz тілшісі тағамтанушы, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының маманы Айгүл Нағашыбекқызынан дұрыс тамақтанудың жөнін сұрады.

Маманның сөзінше, адамға күніне 60-80 грамм еттің ақуызын тұтыну керек. 

"Қазақтың ұлттық ет тағамдарында, әсіресе оның құрамындағы ақуызында минерал заттектері көп болғандықтан, адам ағзасына пайдасы өте зор. Негізі адамға күніне 60-80 грамм ақуыз тұтыну қажет. Ал ол өз уақытында ағзаға түспегендіктен жұмыс істейтін адамдар, жалпы кез келген адамның жүйке жүйесіне, есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ ақуыздыңжетіспеушілігі адамның сабырсыз, шаршаңқы болуы, күйзеліске түсуіне себепкер болады. Мұның бәрі ет тағамдарында бар құнарлы заттардың ағзада жеткілікті болмауынан", - дейді ол.

Айгүл Нағашыбекқызы ет тағамдарын көп қолдану да пайда емес, тіпті керісінше денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін ескертті. Маман холестерині көп болатын қой мен сиырдың етін көп мөлшерде тұтынбау керек дейді. Сонымен қатар қуырылған етті де аз жеу керек екен. 

"Мұндай ет тағамдарының денеде артық шоғырлануы пайда әкелмейді. Негізінде біздің ата-бабаларымыз ірі қара малдың етін жеген, бірақ олар бұрынғы уақытта ауыр жұмыстарды көп істегеннен кейін ағзадағы еттің бәрі тез сіңіп кететін және қорытылатын. Оған қоса біздің ата-бабаларымыз етпен бірге ағарған ас қатар тұтынған. Оған қымыз, шұбат, құртты жатқызуға болады. Ет тағамдары қышқыл сипатты болып келеді. Ал ағарған тағамдар құрамына сай сол етті бейтараптандырады. Ол екеуі үйлескен кезде зияны болмайды. Ет арқылы ағзаға түсетін холестериннің зияны болмауы үшін, етпен қатар көкөністерді де жеу керек. Сол кезде еттің кері әсері азаяды", - дейді маман.

Сонымен қатар, тағамтанушының сөзінше, етті асылған, бұқтырылған күйінде жеу керек. Қуырылған, қыздырылған, сүрленген, қақталған, бумен, түтінмен пісірілген тағамдарды тұтынуды азайту керек екен. Олар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Себебі олар ағзаға зиянын тигізеді, оның барлығы ғылими дәлелденіп те жатыр екен. 

"Сондай-ақ қазақтар көп тұтынатын қуырдақтың да пайдасы зор. Ондағы өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек сияқты өнімдері болғандықтан, олардың құрамында темір, селен, фосфор, мырыш және дәрумендер көп. Бауыр өнімдері темір тапшылығы анемиясының алдын алады. Егер де бір адамға бір айлық дәрумендердің курсын қабылдау керек болса, оған осы қуырдақтың құрамындағы еттерді 10 күн жесе, онда ол бір айлық дәрумендердің курсын алмастырады. Оған қоса бұл тағам қаназдықпен сырқаттанып жүргендерге пайдасын береді. Осы себепті жалпы қазақтың ұлттық тағамын жиі тұтынатын адамдарда қаназдық сияқты ауралар сирек кездеседі. Көктем айларында және дәрумен жетіспеушілігі туындағанда қуырдақ етін тұтыну керек", - дейді тағамтанушы.

Маман өңделген еттерден бас тартуды ұсынды. Оның сөзінше, ауырып тұрған адамдарға, туберкулездерге және босанған жас аналарға асылған малдың еті өте пайдалы. Тағамтанушы қазақтың ұлттық тағамдарының табиғилығын алға тартты. Ал біздің ағзамыз табиғи өнімдерді ғана қорытып, сіндіруге бейімделген екен. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer