14 ноября 2018 | 20:25

Көпшіліктің қарттар үйі жайлы қалыптасқан түсінігі қате - Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі

видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қарттар неге қараусыз қалады?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Қарттар неге қараусыз қалады?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламада қазыналы қарттарды арнайы мекеме, яғни қарттар үйіне өткізу мәселесі талқыға салынды. Студияға келген қонақтар қарттар үйінде тұру әлдеқайда жақсы екендігін айтса, бағдарлама көрермендері қарсы пікірде болды.

Реклама
Реклама

"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Ардақ Сейітова қазіргі қарттар үйлерінің үш бағытта жұмыс істейтінін және қазіргі таңда қариялардың мұнда қуана келетінін айтады.

"Біздің мекеме 1989 жылы ашылған. Келесі жылы ашылғанына 30 жыл болады. Басында "Қарттар үйі" деп ашылған. 2016 жылы Астана әкімдігінің қаулысымен "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып өзгерді. "Қарттар үйі" деген құлаққа жаман естіледі. Көпшіліктің санасында балалары тастап кеткен деген ұғым қалыптасқан, негізінде өзі келетін кісілер көп. Біздің ұйым үш бағытта жұмыс істейді - ақылы түрде (ата-аналарға арналған балабақша деп те айтамыз) жататын кісілер, таңғы тоғызда келеді, кешкі алтыда үйіне қайтады", - дейді Ардақ Сейітова.

Қарттар үйінде тұратын Айжан Қалымова үйі өртеніп, отбасынан да айырылған соң осы мекемеге келгенін айтады.

"Маған мысалы ұнайды. Таңғы жетіде тұрамыз, бөлмеде душ бар. Өзім жалғыз бір бөлмеде тұрамын. Жағдайдың барлығы жасалған, теледидар мен тоңазытқыш дегеннің барлығы бар. Дене шынықтырып болған соң, таңғы асты ішуге барамын. Жалғыз қалдым, денсаулығым сыр бере бастады. Үйім өртеніп кетті. Жұмысқа да орналасу қиын болып кеткен соң, адамдардың айтуымен осы ұйымға келдім, - дейді Айжан Қалымова.

Бағдарлама барысында қарттар үйіне қонаққа барған Гүлнара есімді қыз егде жастағы жандармен үстел ойындарын ойнап, үйреніп қайтқаны жайлы сюжет көрсетілді.

Қарттар үйінде тұрып жатқан 90 жастағы Дәмен Мұқышева біреуді әбігерге салғысы келмеген соң осында өз еркімен келгенін айтады.

"Туыстарым осы Астанада тұрады. Сіңілімнің балалары тұрады, олар маған жақсы қарады. Өзім біреуді әбігерге салғым келмеді. Біз өзі Ерейментау ауданының тұрғынымыз. Сый көрген адамдармыз. Өзімнің туысым аз еді", - дейді Дәмен Мұқышева.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай адамдар бай бола тұра ата-анасын "қарттар" үйіне тапсыратыны өкінішті жағдай дейді.

"Бұл өзі бізде ғана бар құбылыс емес. Дамыған елдердің өзінде де мұндай ұйымдар бар. Нарық заманы, жұмыссыздық жайлаған заман болған соң, "қарттар үйі" көбеймесе азаяр емес. Шығыс Қазақстан облысында концерт беріп, түскен қаражатты "қарттар" үйіне аудардым. Мекеменің басшысы сол қаражатқа екі сиыр сатып алыпты. Қандай да болса да көмек қой. Ал біреулердің шетел асып, көлік ауыстырып, ата-анасын қарттар үйіне тапсырғаны өкінішті.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная