Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 февраля 2020 13:30

Қордайдағы қақтығыс: Сағынтаев барахолканың не үшін жабылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Қордайдағы қақтығыс пен Алматы барахолкасында базарлардың жабылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытжан Сағынтаев Қордайдағы қақтығыс пен Алматы барахолкасында базарлардың жабылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қордайдағы қақтығыс туралы хабар келіп түскен соң Алматының барлық қызметі жұмысты күшейтті. Олардың ішінде құқық қорғау органдары мен әкімдіктің қызметкерлері бар.

"00.00-ден кейін базарларымыздың барлық басшысы, директоры жиналды. Оларға жағдайды айттық. Түнгі сағат 12-де барлық базарды демалыс күні болса да жабу туралы шешім қабылданды. Бұл әр адамның қауіпсіздігі үшін жасалды. Біз ол шешім дұрыс деп санаймыз", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, әкім барахолка маңындағы "Шапағат" ықшамауданының қоршауға алынғанына қатысты пікір білдірді.

"Біз Қордайда не болғанын көрдік. Алматыда ондайға жол бермеуіміз керек болды. Полиция барлық аумақты қарап жүрді. Барлығы күзетілді. (...) Әркім өзі үшін сөйлеуі керек. Отан отбасынан басталады. Отбасы үшін жауап бер, отбасы үшін алаңда", - деді әкім.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети