Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июня 2020 12:08

"Көрдіңіз бе, аяғы не болды". Бибігүл Төлегенова Елбасына видео жолдады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

КСРО-ның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жазылып кетуін тіледі. Оның видеоүндеуі Желіде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


КСРО-ның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жазылып кетуін тіледі. Оның видеоүндеуі Желіде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бибигүл Төлегенова видеода Елбасының денсаулығына алаңдағанын айтады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің мына коронавирусты жұқтырғаныңызды естігенде бір түрлі уайымдап отырмыз. Сіз осындай ашық жүргенде мен ойлаушы едім, неге самоизоляцияға кетпейді екен бұл адамдар, неге бір топ адамдармен бірге отырды екен деп едім. Міне соның әсері осындай болды. Мен ойлаймын, ең бірінші екі ай бұрын самоизоляцияға шыққаным дұрыс болған. Сіздерге де сондай жасау керек. Әйтпесе, міне көрдіңіз бе, аяғы не болды", - деді ол.

Әнші Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек жазылып шығуды тілеп, "шыққан соң жуамыз" деп қалжыңдады. Айтуынша, Елбасының өзі қалжыңды жақсы көреді.

"Енді болған іс болды. Сондықтан сізге тілейтінім: тезірек жазылып шығыңыз, осы ауруды жеңіп. Қазақша айтқанда "ауырып шыққаныңызды жуамыз" енді. Құдай тағалам одан сақтасын. Әзірше оның барлығын біз енді онлайн жасаймыз. Карантин біткеннен кейін көре жатармыз. Тез жазылыңыз, Нұреке. Сіздің қалжыңыңызды білемін, қалжыңбас екеніңізді. Сондықтан сізбен сондай қалжың ретінде айтып жатырмын. Деніңіз сау болсын, өміріңіз ұзақ болсын! Ешкімге осындай ауру жақын келмесін", - деді Бибігүл Төлегенова.

Еске салайық, 18 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының коронавирус жұқтыруына байланысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Ресей басшысы Владимир Путин Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа сауығуын тілеп ашық хат жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.35   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети