Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 июля 2020 17:08

Коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан науқас жазылғанын қалай біледі? Дәрігер түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

Коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан науқас жазылғанын күннің өзінде өзін әлсіз сезінеді. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан науқас жазылғанын күннің өзінде өзін әлсіз сезінеді. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәрігер "коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан науқас жазылғанын қалай біледі?" деген сауалға жауап берді.

"Дене температурасының қалыпқа келуі, әлсіздіктің, тершеңдіктің азаюы, бас аурудың болмауы... Яғни адам қанағаттанарлық жағдайда болуы керек. Науқас клиникалық жағдайда бақылауда болады. Дәрігер оның жағдайын бақылап жүреді, науқасқа ПТР-тест тағайындайды. Коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан кезде (науқастың - автор) жағдайы қанағаттанарлық болады. Алайда әлсіздік, тершеңдік болуы мүмкін", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Тамара Утағанова ауру барысында иіс, дәм сезу қабілетінің жоғалуына қатысты пікір білдірді.

"Иіс, дәм сезу қабілеті 3 күннен немесе 2 айдан кейден қалпына келуі мүмкін. Иіс, дәм сезу қабілетінің жоғалуы қалғандарына эпидемиологиялық қауіп төндіреді дегенді білдірмейді", - дейді дәрігер.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова масканы қалай тағу керегін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети