Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 июля 2020 16:25

"Қалтаға салуға болмайды". Дәрігер масканы қалай тағу керегін айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова масканы қалай дұрыс тағу керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова масканы қалай дұрыс тағу керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен ол қандай маска СOVID-19 вирусынан қорғайтынын айтты

"Масканың түрі өте көп. Адамдар өздері тіккен масканы немесе дәріханалардан сатып алған маскаларды пайдаланып жүр. Дәріханада сатып алынған, зауытта жасалған маскалар үш қабатты болып келеді. Сондықтан олардың қорғанысы жоғары. Ал үйде жасалған масканың сапасы материалына байланысты", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Утағанова масканы қалай дұрыс тағу керегін түсіндірді.

"Масканы тағудан басқа оны пайдалана білу керек. Менің бетімдегі масканы дәріханадан алдым. Оны әрбір 2-3 сағат ауыстыруым керек немесе қандай бір себеппен оны шешсем, басқа масканы тағуым керек. Көп адам өз үйінде тіккен маскаларын пайлаланып жүр. Кейде мен олар маскасын шешіп, қалтасына салып, оны қайта тағатынын байқап жүрмін. Олай істеуге болмайды. Бетперденің тазалығы да маңызды", - деді дәрігер.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирус мен пневмония статистикасы біріктірілетінін айтқан еді

Қазақстанда 71 383 адам COVID-19 жұқтырды. 43 401 науқас жазылды, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети