1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Коронавирустан бір тәулікте 34 адам қайтыс болды. Күннің басты жаңалықтары 06 августа 2020, 18:02

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңнан асты. Одан бөлек, соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам қайтыс болғаны
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңнан асты. Одан бөлек, соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам қайтыс болғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі 6 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасады. 

Тағы 1060 адамнан COVID-19 табылды

Қазақстанда өткен тәулікте 1060 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 513 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 210 / 93
Алматы қаласы - 180 / 107
Шымкент қаласы - 19 / 13
Ақмола облысы - 38 / 19
Ақтөбе облысы - 11 / 1
Алматы облысы - 64 / 35
Атырау облысы - 46 / 40
Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 39
Жамбыл облысы - 40 / 26
Батыс Қазақстан облысы - 53 / 24
Қарағанды облысы - 87 / 18
Қостанай облысы - 45 / 18
Қызылорда облысы - 14 / 4
Маңғыстау облысы - 35 / 32
Павлодар облысы - 42 / 13
Солтүстік Қазақстан облысы - 49 / 8
Түркістан облысы - 30 / 23

Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар 95 942-ге жетті. Оның ішінде 68 871 адам аурудан жазылған. Ал 1159 науқас қайтыс болған. 

Соңғы бір тәулікте COVID-19 бен коронавирус пневмониясынан 50 адам көз жұмған. Оның 34-і - коронавирустан, 16-сы - COVID-19 пневмониясынан. 


Фото: elements.envato

Пневмониямен ауырып жатқандар 9 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 16 адам қайтыс болған.

Осылайша, 1 тамыздан бергі статистика мынадай: пневмониямен ауырғандар саны 9584-ке жетті, 102 өлім жағдайы тіркелген.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды", - делінген хабарламада. 

2 миллионнан аса қазақстандыққа вакцина тегін беріледі

Бүгін 2 миллионнан аса қазақстандыққа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін берілетіні хабарланды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"2 182 000 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі", - делінген хабарладама. 

Бірақ онда нақты қандай вакцина берілетіні жазылмады. Бүгінде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина әзірленіп жатыр. Қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтыны белгілі. 

Алматы облысында карантин жеңілдетілді

Бүгіннен бастап Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді. Аймақтың бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиев қаулы шығарды.

Қаулы 5 тамызда жарияланған. 

"Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушы қалаішілік қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарын сататын орындар да ашылады. 

Ақтауда көшелер мен үйлерді су басты

Желіде Ақтаудағы жаңбырдың салдары талқыланып жатыр. Фото мен видеолар жарияланған. Себебі Ақтауда өткен түнде нөсер жауып, қала көшелері мен үйлерді су басты. 

Қала тұрғындары нөсер салдарын фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, нөсер салдарынан жолда көлік қатынасы қиындаған. Жүргізушілер көлік нөмірін жоғалтып алған. Әзірге ешкім полицияға шағым түсірмеген.

Жолды су басқан, тұрғындар жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Тіпті, кейбірі автомобильді моторы бар қайықпен салыстырған.

Тұрғындар нөсерден жолдың шеті көрінбей қалғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ | МАНГЫСТАУ ☀️ (@aqtau_live)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!