Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 ноября 2019 12:43

Қымыз палатасы, ортақ әліпби және той кортеждеріне рұқсат - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Елімізде "Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу" туралы не "әлеуметтік желіде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-анасына айыппұл салу" туралы депутаттық ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады.


Елімізде "Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу" туралы не "әлеуметтік желіде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-анасына айыппұл салу" туралы депутаттық ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады.

Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу

2017 жылы сәуірде депутат Азат Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынған болатын. Мәжілісмен "қалаларда баспанасы жоқ қыз-жігіттерге арнап "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек" деп премьер-министрдің атына сауал жолдаған. 

Депутаттың айтуынша, жастарға арналған үйлердің асханасы мен әжетханасы ортақ болуы тиіс. Сонда шаршы метрден үнемдеуге болады. Нәтижесінде депутат баспананың құны 40 пайызға дейін төмендейтінін айтқан. 

Артынша қызу талқыға түскен ұсынысын Перуашев түсіндірген. Депутат ұсынысының дұрыс түсіндірілмегенін мәлімдеген. 

Мәлімдемесінде Перуашев баспаналардың мысалы, пәтердегі тұрғын алаңында санитарлық торап пен асхананың қандай ара қатынасы бар екенін түсіндіру үшін келтірілгенін айтты.

"Бүгінде Қазақстан құрылысшылары одағының басшылығы бізбен хабарласты, әр өңірден төрт құрылыс компаниясы хабарласты, оның ішінде астана мен Алматыдан, олар бағасы 40 пайызға төмендеген осындай жатақханаларды салуға дайын екенін мәлімдеді. Сондықтан ұсынысымыздың негізі бар әрі баспаналы болуға қаражаты жоқ адамдар үшін маңызды деп есептейміз", - деген еді депутат.

Пәтерлерді күнделікті жалға беруге тыйым салу


Биыл сәуірде депутат Владислав Косарев ресейлік әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп, тұрғын үйлердегі хостелдерді жалға беруді біржола тыйым салуды ұсынды. 

"Тәулікке жалға берілетін пәтерлерге заң бойынша тыйым салу керек. Себебі, пәтерлер адамгершілікке жат қылық көрсететін жер ретінде емес, адамдар тұратын баспана ретінде қолданылуы керек. Ресейде бұл мәселені қазан айынан бастап шешіп жатыр. Сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді", - деді Косарев.

Айта кетейік, Ресейде тұрғын үйлерде орналасқан хостелдерге тыйым салу туралы заң 1 қазаннан күшіне енген. 

Қымыз палатасын құру


2013 жылы Парламент мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Қазақстанда қымыз өндірушілердің республикалық палатасын құру туралы ұсыныс жасады. 

"Қымыз өндірушілердің республикалық және аймақтық палаталарын құру қажет", - деді Смайыл палатаның жалпы отырысында депутаттық сауалын жолдап. 

Депутаттың ұсынысын қолдағандар да табылды.

"Қымыз өндірушілер палатасын құру туралы бастама - оңды бастама! Себебі дәл қазіргі күні елімізде қы­мыз өндірушілер өздерінің жоғын жоқ­тап, қажет болғанда заңды құ­қық­тарын қорғайтын бәтуалы орган­ға зәру. Демек, қымыз өндірушілер­дің ортақ бір ұйымын құратын мез­гіл келді", - деген еді депутат Әлихан Тойбаев. 

Ерекше кортеждерге рұқсат беру

2015 жылы Аманұллы Раманқұл есімді ОҚО мәслихат депутаты үйлену тойлардағы ерекше кортеждерге рұқсат беруді ұсынған. Оның сөзінше бұл жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектеседі.

"Демалыс кездерінде көлікпен жүру қиын. Үйлену тойларындағы кортеждер жолды бөгеп не жол-көлік оқиғаларына себеп болып жатады. Меніңше жастардың ата-аналары МАИ қызметкерлеріне барып,  арнайы жолақ бөлуі үшін ақысын төлесін де, қыдыра берсін!", - деген еді мәслихат депутаты. 

Аманұллы Раманқұлдың бұл ұсынысына әріптестері пікір білдірмеген. 

Айта кетейік, биыл Алматыда той кортежі оларды тоқтатпақшы болған полиция қызметкерін қағып кеткен.  

Әлеуметтік желіде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-анасына айыппұл салу

2017 жылы депутат Азат Перуашев әлеуметтік желілерде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-аналарына 20 АЕК мөлшерінде (2017 жылғы есеп бойынша шамамен 45 мың теңге) айыппұл салуды ұсынды. Депутаттың пікірінше, Қазақстанда сондай тәртіп енгізілсе, бұл - "балалар мен жасөспірімдерді олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді". 

Перуашевтың бұл ұсынысы "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заң жобасы бойынша өтіп, "түзеуге" жіберілген. Бұл заң жобасы осыдан үш жыл бұрын да ұсынылған. Алайда ол кезде бұл ұсыныс Конституцияға сәйкес емес деп танылды. 

Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстанмен бірыңғай графика қолдану 

Сенат депутаты Төлеубек Мұқашев 2017 жылы латын графикасын мемлекеттік тіл алфавитінің бірыңғай стандартын енгізу туралы Парламент мәжілісінің тыңдауында Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерімен бірыңғай латын графикасын қолдану орынды деп санайтынын айтқан. Талқылау барысында сенатор алфавитті Түркия әліпбиіне ұқсатып жасауды ұсынды. 

"Латын графикасына көшу қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге көмектеседі. Өйткені тіліміз өзге елдердің тілдерімен бір деңгейде болады. Шет елдермен қарым-қатынасымыз жақсарады. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты елдермен бірыңғай жазбаша тілдің болуы біз үшін қолайлы болады деп есептеймін", - деп мәлімдеген еді депутат. 


Әліпбидің бекітілген соңғы нұсқасы

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қазанда Twitter желісіндегі парақшасында тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керегін айтты. 

"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп жазды Президент.

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети