Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 октября 2019 18:35

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруге міндеттеу не Қазақстан атауын "Қазақ елі" деп ауыстыру немесе оқушыларға мүшеқап тарату туралы ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады. 


Қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруге міндеттеу не Қазақстан атауын "Қазақ елі" деп ауыстыру немесе оқушыларға мүшеқап тарату туралы ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады. 

Қазақстанды "Қазақ елі" деп атау

2019 жылы 23 қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысының атына "Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынды. 


Азат Перуашев © Тұрар Қазанғапов

"...Екіншіден, "Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Негізінде, мұндай бастаманы 5 жыл бұрын "Мәңгілік Ел" тұжырымдамасын талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұстанымын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын", - деген еді депутат. 

Бұл мәселеге қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірген болатын. Мемлекет басшысы Қазақстанды Қазақ республикасына ауыстырудың еш мәні жоқ екенін атап өтті. 

"Қазақстан Республикасы" деп атала беруі керек. Халықаралық келісімдердің көбіне Қазақстан Республикасының атынан қол қойылған. Мемлекет атауын өзгертудің еш мәні, себебі жоқ. Бізде басқа да мәселе жетеді", - деді мемлекет басшысы. 

Перуашевтың бұл ұсынысы желіде қызу талқыға түсті. Бірі республиканың қазақшаланғаны дұрыс десе, ендігі бірі мұның үлкен шығын екенін айтқан. 

Жұмыста "дене шынықтыру үзілісін" енгізу

Жұмыс уақытында "ерекше үзіліс" енгізуді мәжіліс депутаты Абай Тасболатов биыл 17 қазанда Сенат отырысында ұсынған болатын. 

"Кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде жұмыс күні "дене шынықтыру үзілісін" ұйымдастыруды ұсынамыз. Өндірістік гимнастика енгізу керек", - деген еді депутат мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында. 

Қыздарға күнделікті өмірде камзол киіп жүру

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Қарақат Әбден қазақстандық қыздарға ұлттық киімді тек мереке кезінде емес, күнделікті өмірде де киіп жүруді ұсынды.

Оның айтуынша ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алу керек. 


Қарақат Әбден

"Рухани жаңғыруға қатысты айтарым: біздің жастардың арасында ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу қажет. Бұған қатысты жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы керек. Осыған орай, ұлттық ерекшелік белгісі бар киім енгізу мәселесін қарастыруға болады. Егер біздің қыздар ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де киетін болса, жаман болмас еді", - деп мәлімдеді Қарақат Әбден.

Бұдан бөлек астаналық мәслихат депутаты оқушы қыздардың мектеп пен киноға шолпы тағып келуіне және де ұзын бұрымды сәнге енгізулерін ұсынған болатын. 

Қайыршыларға садақа беретін жандарға айыппұл салу

"Қайыршыларға садақа беретіндерге айыппұл салынуы қажет". Мәжіліс депутаты Шәкір Хазаров 2018 жылы желтоқсанда премьер-министрдің атына осындай сауал жолдаған болатын. Депутаттың сөзінше, осылайша елімізде қаптап кеткен қайыршылар мен олардың бизнесіне тосқауыл қоюға болады.

"Қайыр тілейтін үйсіз-күйсіздердің көбеюі айыппұл сияқты репрессив шарамен бұл әлеуметтік проблеманы шешу мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Оның үстіне қайыр тілеп отырған адамнан қандай жолмен айыппұл алуға болады? Бұл ретте қайыршыларға емес, оларға садақа беретіндерге айыппұл салатын шет мемлекеттер тәжірибесін үлгі ету орынды деп ойлаймын", - деген еді депутат.  

Оқушыларды еденде оқыту

2017 жылы қыркүйекте сол кездегі Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко қазақстандық балаларды халықаралық тәжірибеге сай еденде оқытуды ұсынған. 

Бұл ұсынысты Божко музейлерде балаларға сабақ жүргізу жоспарын талқылау кезінде жасаған. Білім және ғылым министрінің сол кездегі орынбасары Асхат Аймағамбетов музейде балаларға арнайы сабақ жүргізу үшін оларға парталар мен орындықтар әзірлеу керетігін алға тартқан.

Сол кезде Божкоға бұл жағдай жақпай қалған секілді. Ол шетелдік музейлердің тәжірибесін қолданып, балаларды еденге жайғастыру керектігін айтқан. Депутат осылайша мемлекет бюджетінің қаражатын үнемдейміз деп пікір білдірген. 


Владимир Божко © Тұрар Қазанғапов

"Біз Жапонияның өзінде балалар еденге жайғаса кетіп, музейдегі оқытушы оларға сабақ түсіндіріп жатқанының куәсі болдық. Луврда да солай. Мұнда да аудитория, мультимедиялық құралдар, тіпті одан кейін асхананы да ұйымдастырып жатудың қажеті жоқ. Шетелдік тәжірибені зерттеп, соны қолданыңыздар. Бұл жағдайда бюджетке ұқыппен қарау керек", - деп түйіндеді Божко.

Жалақысы, мәлімдемелері және отбасы. Сіз кімсіз, Владимир Божко?

Астаналықтарды "нұрсұлтандықтар" деп атау

2019 жылы елордамыз Астана атауынан Нұр-Сұлтан атауына ауысқаны белгілі. Жаңа атауды астаналық мәслихат та қолдаған болатын. Артынша сол кездегі мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкен қала тұрғындары "нұрсұлтандар не нұрсұлтандықтар" деп аталуы мүмкін екенін мәлімдеген.  

Нұр-сұлтандық, нұрсұлтандық әлде астаналық - Тіл маманы түсіндіреді

Бірақ сол кездегі астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары бұрынғыдай "астаналықтар" болып қалатынын мәлімдеген

Мектеп оқушыларына мүшеқап тарату

2018 жылы қарашада Денсаулық сақтау министрлігі 16 жасқа толған мектеп оқушыларына мүшеқап тарату туралы ұсыныс тастаған.

Министрлік 16 жастағы балалар ата-аналарына ескертпей түсік жасатуына рұқсат беріп, ал мектеп оқушыларына мүшеқап тарата бастау керек деп айтқан болатын. 

Бұл ұсыныс қоғамның қызу талқысына түсіп, бірі оны жақтаса, енді бірі бұл идея анайы екенін алға тартты. Халықтың көбі бұл ұсынысты қабылдаған жоқ. Сондықтан министрліктің ұсынысы іске асқан жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети