Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 апреля 2020 17:04

Қытайдан келген дәрігерлер қазақстандық әріптестерінің жұмысына баға берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: postnews24.ru Фото: postnews24.ru

Қытайдан келген дәрігерлер еліміздегі карантин режимін құптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайдан келген дәрігерлер еліміздегі карантин режимін құптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы халық ауруханасында жұқпалы аурулар дәрігері Лу Сяобо елордадағы әріптестерінің жұмысына баға берді.

"Біз Нұр-Сұлтанға кеше келдік. Бірақ екі күн ішінде біз Нұр-Сұлтанда жұмыс жақсы жүріп жатқанын көрдік, әсіресе, карантин. Көп әріптесіміздің бетпердемен жүргенін, тіпті, осы жерге алып келген жүргізушінің өзі арнайы киіммен жүргенін көрдік. Әзірше жақсы деп ойлаймыз", - деді Лу Сяобо.

Сонымен қатар, дәрігер Қытайда карантин режимі коронавируспен күреске жақсы ықпал еткенін айтты.

"Қазақстандағы қазіргі жағдай қалай? Соған мән беруіміз керек. Негізінде, Қытай тәжірибесіне қарап отырсақ, карантиннің жалғасуы қарапайым адамдарға көмектесіп жатыр, вирусты бақылауда ұстауға көмектесті. Біз қазақстандық дәрігерлерге көмектесу үшін төрағамыз Си Цзиньпиннің бұйрығымен келдік және әрі қарай тиісті шараларды бірге атқарамыз", - деді ол.

Бұған дейін Қарттар үйінде жаппай коронавирус жұқтыру дерегіне қатысты жазған едік.

Еске салайық, кеше, 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан 10 дәрігер келді. Олар коронавируспен күрестегі тәжірибесін бөлісу үшін келген. Сондай-ақ, қытайлық дәрігерлер Қарағанды және Алматы қалаларына барады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети