1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Людмила Бюрабекова қызметінен неге кетті? ДСМ жауап берді 25 сентября 2020, 16:50

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қызметінен неге кетті? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Нашли ошибку?

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қызметінен неге кетті? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер ДСМ өкілінен Людмила Бюрабекованың вице-министр қызметінен неліктен босатылғанын сұрады.

"Людмила Бюрабекова өз еркімен вице-министр лауазымынан  босатылды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты. Қайда жұмысқа істейтіні белгісіз. Белгілі болғанда мен немесе өзі айтады", - деді Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Министрлік жауап берді

Еске салайық, 23 қыркүйекте денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың қызметінен босатылғаны хабарланған

Сондай-ақ бүгін Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабековамен байланысқа шыққан. Әңгіме барысында ол қызметінен неге кеткенін, Қазақстанда жаңа локдаун қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Join Telegram