Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 декабря 2020 14:42

"Мен оларды тағайындамаймын" - Сапарбаев "командамен ауысу" туралы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "командамен ауысу" мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "командамен ауысу" мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналист облыс әкіміне бұрын бірге жұмыс істеген басшыларды неге қызметке қабылдағанын сұрады.

"Сіз Жамбыл облысын басқаруға келгеннен кейін осы өңірдегі мемлекеттік органдарға сізбен бұрын басқа өңірде, елордада жұмыс істеген басшылар келе бастады. Мысалы, Ержан Жылқыбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған еді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокуроры қызметіне Ақтөбе облысының экс-прокуроры тағайындалды.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы қызметін бұрын Ақтөбе облысында осы департаментті басқарған адам атқаратын болды. Бұл бұрын жұмыс істеген қызметкерлермен қайта жұмыс істеу тиімді екенін көрсете ме? Әлде бұл өңірде кәсіби деңгейі жоғары мамандардың тапшылығы бар екенін білдіре ме?", - деді БАҚ өкілі Сапарбаевқа.

 Жамбыл облысының әкімі мұндай сауал жиі қойылатынын атап өтті.

"Барлығына ҚР Конституциясына сәйкес кез келген Қазақстан азаматы еліміздің кез келген өңірінде жұмыс істеуге құқы барын айтқым келеді. 

Ержан Жылқыбаевқа (Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Авт.) тоқталайын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қызметінен босатылған еді. Бұл - әлеуметтік секторға қатысты учаске.

Сіз айтқандай, осыған дейін Ерлан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары қызметін атқарған еді. Сондықтан бізге әлеуметтік саланы білетін маман керек болды.

Енді Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаметінің басшысыларына тоқталайын. Мен оларды тағайындамаймын. Бұл басшыларды Қазақстанның бас прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындайды. Сол жылдары Жамбыл облысындағы болған жағдайға қатысты өз ісін білетін мамандар керек болған шығар. Есіңізде болса, Ақтөбе облысында террорлық акт болған кезде (2016 жылы - ескерту) олар осы өңірде жұмыс істемеген еді. Осыны ескерсек, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстағы ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету мақсатында оларды Жамбыл облысындағы мемлекеттік органдардың басшысы қызметіне тағайындаған болуы керек", - деді Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 Сонымен қатар, өңір басшысы өңірдегі маман тапшылығы мәселесіне тоқталды.

"Мен өңірде маман тапшылығы бар деп айта алмаймын. Бірақ мұнда мәселе бар. Алайда соңғы тағайындаулар.... Мысалы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне Талғат Мамаев тағайындалған еді. Ол Жамбыл облысының тумасы, көптеген өңірде жұмыс істеді. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында тер төкті. Алмаз Мәдиев те (Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы - ескерту) Жамбыл облысының тумасы. Ол Алматыда, Шымкетте, Павлодарда және тағы басқа өңірде еңбек етті. Осыған дейін ол облыстағы бірнеше ауданды басқарды. Сондықтан біз осы өңірде жергілікті кадрлардың жұмыс істегенін қалаймыз", - деп түйіндеді сөзін Жамбыл облысының әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.35   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети