Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 июля 2020 15:53

Министр парацетамол орнына 33 түрлі дәрі ішуге болатынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама парацетамол таратылған. Тұрғындар бұл препаратты жарты сағаттың ішінде түгел сатып алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама парацетамол таратылған. Тұрғындар бұл препаратты жарты сағаттың ішінде түгел сатып алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Нұр-Сұлтанда 70 мың пациентке жететін 70 мың қаптама (парацетамол - авт.) бөлшек сатылымдағы дәріханаларға жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір интернетте бұл препараттарды үстіне ақша қосып сатылып жатыр. Құзыретті органдар мұндай фактілерді тексереді. Қалада парацетамол керек дейтіндей осыншама пациент жоқ. Сондықтан бұл препараттарды алыпсатарлар әдейі бірден сатып алады да, дефицитті қолдан жасайды. Я болмаса адамдар дене қызуы көтерілмесе де, қажеттілік болмаса да, осы дәріні көптеп сатып алып қояды", - деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

Қазақстандық дәрігерлер парацетамолды немен алмастыруға болатынын айтты

Сондай-ақ министр парацетамол деген атауға "қатып қалмай", оның орнына құрамында парацетамолы бар 33-ке тарта дәріні алуға болатынын атап өтті. Бұл препараттар да дене қызуын түсіре алады.

"Бізде құрамында парацетамолы бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар. Нарықта, яғни дәріханаларда бұл препараттар сатылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желілерден "парацетамол" дегенді көріп алып, соны сұрайды. Ал негізінде оның орнына ішуге басқа дәрілер де бар", - деп министр.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар өңірдегі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер, оның ішінде дене қызуын түсіретін парацетамол жоқ болып, шу шыққан

Кеше денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова таңертеңгі брифингте Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Қарағанды облысындағы дәріханаларда 1 шілдеден бастап парацетамол болатынын айтқан. Tengrinews.kz тілшілері екі қаланың дәріханаларын аралап, парацетамол іздеп көрді.

Сондай-ақ  Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантин күшейді. Бұл туралы бүгін коронавирусқа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімі шықты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау ұсынылғанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети