Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2020 12:21

"Министр ретінде кешірім сұраймын". Нұрымбетов жәрдемақының неге кешіккенін түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақының неге кешіктіріліп берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақының неге кешіктіріліп берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен министр халықтан кешірім сұрады.

"Сіздерден министр ретінде кешірім сұраймын. Біз үлгермедік. Оның себебі бар. Біріншіден, біз (өтінішті қарау үшін - автор) 3 күнді белгіледік. Бізге көбірек күн керек еді. Өзіміз де тарықтық. 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Қор ақшаны беріп, жәрдемақыны тағайындайды. Бұл - бөлек мекеме", - деді ол орталық коммунациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жәрдемақыны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы береді.

"Бүкіл төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы жүргізеді. Бұл - бұрынғы зейнетақы төлеу орталығы. Ал өтінішті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдап, тексереді. Осы 3 мекеме тиісті жұмысты жүргізіп жатыр. Басқаша болмайды. Оны түсініп алуларыңыз қажет", - деді Біржан Нұрымбетов.

Осы орайда министр өтініштерді тексеру біраз уақытты алатынын атап өтті.

"3 миллион 700 мың адам жәрдемақы алуға өтініш берді. Бірақ өтініштердің саны 5 миллионға жақындап қалды. Тексеріс барысында біраз азамат жеке сәйкестендіру нөмірін немесе ИИН-ді дұрыс көрсетпей жатыр. Ол нөмірді дұрыс көрсетпесе, "ондай адам жоқ" деген сөз. Сондықтан біз мұндай қате нөмір бергендердің өтінішін кері қайтаруға мәжбүрміз. Оны тексеріп алуымыз керек. Мұндай өтінішті 60 мыңдай адам берді", - деді ол.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов кейбір азаматтар есепшоттарды да дұрыс көрсетпей жатқанын да жеткізді.

Осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алуға қанша адам өтініш бергенін, қайтыс болған азаматтардың атынан өтініш бергендер анықталғанын айтқан.

Еске салайық, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қалай алатынын түсіндірген.

Сондай-ақ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети