Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 марта 2020 16:37

"Мұғалімдердің жалақысы, ҰБТ мерзімі" - Аймағамбетовтің қашықтан оқуға байланысты маңызды мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Tengrinews.kz порталының Instagram желісіндегі парақшасы арқылы карантин режиміне байланысты астаналықтарға үндеу жасады. Сонымен қатар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты мектептерде болған өзгерістерге қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. Күннің маңызды мәлімдемелері Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Tengrinews.kz порталының Instagram желісіндегі парақшасы арқылы карантин режиміне байланысты астаналықтарға үндеу жасады. Сонымен қатар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты мектептерде болған өзгерістерге қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. Күннің маңызды мәлімдемелері Tengrinews.kz тілшісі материалында.

16 наурыздан бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары каникулға шығып, колледж бен ЖОО студенттері қашықтан білім алуға көшті. Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдары (үйірме, музыка мектептері тағы басқа) жұмысын тоқтатып, тек кейбір бағыт бойынша қашықтан оқу бастады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінде балабақшаға балалардың тек 5 пайызы барып жүр. 

Әр облыс, қала, аудан бөлімдерінің жанында әдістемелік көмек көрсету бойынша call-орталықтары жұмысын бастайды. Министрлің 1450 call-нөмірі арқылы ақпарат алуға болады. Себебі 5 миллионға жуық оқушы қашықтан оқи бастайтындықтан біраз мәселе туындайтын болады. 

Оқушылар 4 бағыт бойынша қашықтан білім алады 

12 наурызда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын айтты.

CОVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында: "6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы" хабарланған

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап 4 түрлі бағыт бойынша сабақ оқиды. 

1-бағыт. Телевизиялық арналар арқылы оқу және телевизиялық сабақтар. "Балапан" және "Еларна" арналары арқылы оқиды; 

2-бағыт. Радиоарналар арқылы оқу. "Қазақ ридиолары" арқылы келісімге келіп, радиосабақтар өтеді;

3-бағыт. Пошта арқылы білім беру. Мыңнан аса елді мекенде 5-10 балалар тұрады және бұл жерлерде мектеп жоқ. Қазір бұл елді мекендерде пошта байланысы арқылы тапсырманы жіберіп, керісінше, орындалған жауаптарын да пошта арқылы алынады;

4-бағыт. Интернет платформа (Moodle, GoogleClassroom). 6 сәуірге дейін білім беретін барлық интернет платформа тегін болады.

Kundelik станет бесплатным

Интернеті жоқ оқушылар желімен қамтамасыз етіледі

Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар алаңындағы брифнгте техникалық мүмкіндігі бар оқушылардың өзі Желіге қосыла алматы отырғанын айтты. 

"Балалардың техникалық мүмкіндігі болған күннің өзінде интернетке қосу мәселесі бар. Жергілікті атқарушы органдар осы бойынша жұмыстарды бастап кетті. Қазір балаларды интернетке қосу жұмыстарымен әкімдіктер айналысып жатыр. Бірақ қазір интернеті бар, бірақ компьютері жоқ 300 мыңнан аса бала бар. Олар бойынша тиіс ақпарат жеткілікті. Бұл мәселе бойынша екі шешу жолын көріп отырмыз: бірінші - мектептің  компьютерін балаларға уақытша қолдануға беру. Бұл бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Алматыда 10 мыңнан аса компьютер пайдалануға берілді", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, екіншіден, қосымша компьютер сатып алынып жатыр. Жалпы 80 мыңға жуық компьютер сатын алынбақ.  

Оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі әзірше қысқармайды

Білім және ғылым министрі елдегі ахуалға байланысты оқушылардың жазғы демалыс мерзімін қысқарту жоспарда жоғын айтты.

"Егер күтпеген жағдайлар болса, оны қысқартуымыз мүмкін. Алайда, жазғы демалыс мерзімін қысқару жоспарда жоқ. Бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз", - деді Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Коронавирусқа байланысты ҰБТ мерзімі өзгермейді

Брифинг барысында Аймағамбетов ҰБТ мерзіміне қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, әзірше тест мерзімін өзгертуге еш себеп жоқ. 

"Кесте бойынша, тестілеу әр жыл сайын маусым айының соңында өтеді. Сондықтан ҰБТ мерзімін кейінгі қалдырып, оны өзгертуге бүгінде еш себеп жоқ. Мамыр айына қарай елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарап осы мәселе бойынша нақты шешім қабылдаймыз", - деді Аймағамбетов онлайн-брифингте.
 

Мұғалімдерді видео-сабақ жасауға ешкім мәжбүрлемейді

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, білім мекемелері қашықтан оқуға көшетіндіктен мұғалімдерді сабақты видео арқылы түсіндіруге ешкім мәжбүрлемейді. 

"Сабақтарды видео арқылы түсіндіру мұғалімнің өз еркімен жүзеге асады. Ешкім мұғалімді видео-сабақ жасауға мәжбүрлемейді және мәжбүрлей алмайды да. Бірақ әр ұстаздың методикалық жұмыстары үшін видео-сабақтардың болғаны маңызды. Себебі, педагог аттестациядан өтетін кезде портфолияда видео-сабақ болғанын сұраймыз. (...) Егер мұғалімде видео-сабақтар болса жақсы, бірақ оларды мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ", - деп түсіндірді министр. 

Қашықтан білім беру мұғалімнің жалақысына әсер ете ме?

Министрдің айтуынша, қашықтан білім беруге көшу мұғалімдердің жалақысына еш әсер етпейді. 

"Себебі, әріптестеріміз сол жұмысты жүргізеді және тек бұрынғы жұмыс емес, одан да көбейіп кетті көлемі. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілді. Сондықтан жалақыға еш әсер етпейді", - деді министр. 

Мессенджер арқылы оқыта беруге рұқсат беріле ме?

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, негізінен ауылда жерлерде мессенджермен сабақ беруге рұқсат етілген. 

"Оның барлығын біз нұсқаулықтарда жазып қойдық. Қазір шалғай жерлерде мессенджермен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан оған ешқандай шектеу жоқ. Бірақ техникалық мүмкіндік бар жерде, әрине, арнайы интернет платформалар бар. Сол платформаларды пайдаланған жөн. Ауыл жерлерде мүмкіндік болса мессенджермен сабақты оқытуға болады", - деді министр. 

Айта кетейік, 11 наурызда ДДҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойды. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336 адамға жетті. Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Алғашқы науқас, 64 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы хабар 26 наурызда белгілі болды. Кейінірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Бүгін тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болды. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети