Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 ноября 2020 14:21

"Мүлдем ұқсамайды". Баталов Қонаевтың даулы ескерткішіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Бақанас ауылында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Бақанас ауылында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен облыс әкімі түсінбестік неден туындағанын айтты.

"Жобаға Дінмұхамед Қонаев қоры бастамашылық жасап, демеуші болған. Мен мәселенің мән-жайын біле бастағанымда, таңғы 7-де маған танысым хабарласып, "Мынау не?" деп сұрақ қойды әрі (ескерткіштің - ескерту) суретін жіберді. Тексеріс барысында олар ескерткішті жасағаны анықталды әрі ешкімнен рұқсат алмаған. Бақанас ауылындағы паркте ескерткішті орнатқан. Мен аудан әкіміне (Балқаш ауданы - ескерту) тапсырма бердім", - деді Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қонаевтың туыстары жаңа ескерткішке наразылық білдіріп жатыр

Ол облыста ескерткішті орнату мәселесін қарастыратын арнайы комиссия барын атап өтті.

"Аудандық комиссия жобаны тексерген кезде оның түпнұсқаға сәйкес келмейтіні анықталды. Тіпті, мүлдем ұқсамайды. Бірақ соған қарамастан оларға рұқсат берілген. Осыған дейін біз Талдықорғанда Дінмұхамед Қонаевтың әдемі мүсінін орнатқан едік. Оны орнату үшін республикалық комиссияның рұқсаты керек еді. Осыдан соң ғана мүсін жасала бастады. Ал мұнда барлығы керісінше жасалған. Сондықтан біз ол жаққа адамды жіберіп, барлық жұмысты тоқтаттық. Ескерткішті жауып тастадық. Оларға құжаттарды қалыпқа келтірмей, жұмыс басталмайтынын, әрі рұқсат берілмейтінін айттық", - дейді өңір басшысы.

"Халық алаңдамасын". Қонаев ескерткішінің авторы сынға жауап берді

Амандық Баталов қазіргі таңда бұл ескерткішке қатысты тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

"Олар (құжаттарды - ескерту) қалыпқа келтірген соң, тиісті жұмысты жүргіземіз. Себебі, ескерткіш Дінмұхамед Қонаев атындағы паркте орнатылады. Яғни ол Бақанас ауылының кіреберісінде тұрғызылады", - дейді облыс әкімі.

Қонаев ескерткіші: әкімдік сынға жауап берді

Сонымен қатар, өңір басшысы бұл мәселеге қатысты ешкімді жауапқа тарта алмайтынын жеткізді.

"Мен мәселенің мән-жайын толық білдім. Облыстық, аудандық әкімдік жанындағы мәдениет басқармалары заңбұзушылыққа жол бермеген. Алайда мен осы жобаға бастамашылық жасаған адамдарды жауапқа тарта алмайтын. Бұл қор ғой. Олай істеуге болмайды. Олар барлығын заң аясында істеу керегін түсінуі керек. Бұл оларға сабақ болады. Енді Дінмұхамед Қонаевқа мұндай ескерткіш орнатпас бұрын мәселенің мән-жайын білуі керек еді ғой. Сондықтан кімді жауапқа тартамыз? Мен білмеймін", - деп түйіндеді сөзін Баталов.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа қойылған ескерткішті сынға алған еді. Кейін ескерткіш авторы мүсінші Алтай Бейсенов екені белгілі болды. Ол халық наразылығына ұшыраған туындысына қатысты "Уақыт тығыз болды" деген пікір білдірген. 

"Адамдардың сыны орынды, басы кішкентай және денесі ұзын болып кеткен. Мұның барлығын өзім де байқадым. Алайда фотода бұрмалау бар. Себебі, сурет өте жақын түсірілген. Мен сабырлымын. Өйткені, ескерткіштегі кемшілікті түзете аламын. Мен әріптестерім, Вагиф Рахмановпен, Ескен Сергебаевпен бірге бұл мәселе бойынша ақылдастым. Олар менің пікіріммен келісті. Бір аптадан соң барлығы дұрыс болады. Халық алаңдамасын", - деген еді мүсінші.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети