ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 декабря 2018 | 14:57

Нағашы мен жиен, балдыз бен бөле: Туыстарға Жаңа жылда жасалатын сыйлықтар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Желтоқсан - Жаңа жылды асыға күтетін, кеудені шаттық пен әсерлі көңіл-күй билейтін, қарбаласқа толы ай. Осы кезде отбасы мүшелері бір-бірін, жақындары мен достарын қуанту үшін сыйлық қарастыра бастайды. Себебі Жаңа жыл әулеттердің басы қосылатын, қарым-қатынастың нағыз нығаятын кезі. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі отбасы мүшелері мен туыстарға беруге болатын сыйлықтар тізімін маркетологтар мен психолог мамандардан сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Желтоқсан - Жаңа жылды асыға күтетін, кеудені шаттық пен әсерлі көңіл-күй билейтін, қарбаласқа толы ай. Осы кезде отбасы мүшелері бір-бірін, жақындары мен достарын қуанту үшін сыйлық қарастыра бастайды. Себебі Жаңа жыл әулеттердің басы қосылатын, қарым-қатынастың нағыз нығаятын кезі. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі отбасы мүшелері мен туыстарға беруге болатын сыйлықтар тізімін маркетологтар мен психолог мамандардан сұрап білді.

Отбасыда барлық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сары майдай сақтап, балаларына үйретіп, ақыл-парасатын аямайтын ата-әжелеріміздің орны бөлек. Психолог Роза Камалованың айтуынша, үлкен кісілерге, ата-ана, ене, қайын аталарға киім-кешек, әшекей бұйымдарды ізгі тілекпен, ұзақ ғұмыр, денсаулық, амандық тілеп сыйлаған дұрыс. 

"Оларға денсаулығын бірқалыпты дұрыс сақтауы үшін түрлі сертификат сыйлауға болады. Мысалы, жүзуге, фитнес, емдік шипажай мен түрлі процедураға, массажға сертификат беруге болады. Қалтаңыз көтерсе жылы елдерге жолдама алып берсеңіз, үлкен буын оны жақсы қабылдайды деп ойлаймын. Себебі оларға қазір материалдық сыйлық емес, бала-немере, туыстарының жылы қарым-қатынасы, махаббаты мен жақындарының арасында уақыт өткізу маңызды және қымбат. Сондай-ақ, үлкен кісілерге, туыстарға алтын әшекей-бұйым, қамзол, тымақ беруге болады. Ал енелерге ас үй жабдықтары мен үй аяқ киімі жақсы сыйлық саналады", - дейді Камалова.

Ал іні, жиен, немере қарындастарға маман жасына қарай сыйлық беруге кеңес береді. Бастысы олардың білім көкжиегін көтеретін, дамытатын зат керек екен. Олар кітап, техника немесе сол техникаға қосымша зат және басқалары болуы мүмкін. 

"Қазіргі жастар жинақылықты жақсы көреді. Мысалы, өзімен зат тасып жүруге ыңғайлы нәрсе, телефонды үстелге ыңғайлы етіп қоюға арналған аксессуар, ақылды сағат және басқалары. Қымбат сыйлық болуы міндетті емес. Ал қыздарға, сіңілі, қарындастарға түрлі әшекей сыйласа қуанып қалады. Ол міндетті түрде асыл металл болудың қажеті жоқ. Бастысы заманауи, әдемі, жылулық, бейбітшілік, тыныштық белгілері бар алқа болады. Ал ұлдарға теріден жасалған білезік, әмиян, сағат, портфель, киім және басқа нәрселерді қарастыруға болады. Сыйлықта жебе, аңдардың, бүркіт, қасқыр, арыстан, бұғы бейнесі немесе жақсы көретін кейіпкері болуы мүмкін" - дейді ол. 

Келін, күйеу балаларға да отбасылық сыйлық қарастыруға болады екен. Мысалы, үй ішіне береке, мереке тілей отырып, картина, үлкен форматтағы сурет, тоқылған жамылғы, көрпе, орамал, жұп жануардың, аққу, қасқыр және басқаның суреті бейнеленген сыйлықтар қарастырылады.

Сондай-ақ, Камалованың айтуынша, не берейін деп сұраудан ешқашан қашпау керек. Ал жас отбасыларға көбіне тұрмыстық заттар керек. Мысалы, ыдыс-аяқ, ас үй құралы, тұрмыстық техника. Ал отбасын құрғанына 5-7 жыл болғандарға тұрмысын түрлендіретін сыйлық қарастырса болады екен. Мысалы, киім-кешектерді алып тастағанда, әйелге косметологқа, спа-орталық, опа-далап, маникюр жасатуға, ал ер адамға шашын қысқартуға, көлігін жууға арналған сертификат сыйлауға болады. Оларға материалдық қана емес, сондай-ақ, қуаныш пен ләззат алып келетін нәрсені берген дұрыс екен. 

Психолог қазіргі кішкентай балалардың өсіп кеткенін, кейде қуыршақпен де аса ойнағысы келмейтінін байқағанын айтады.

"Кей балаларға интеллектуалды ойындар қызық. Мысалы, Рубик текшесі, монополия, бояғыштар, конструктор, әдемі кітап, ертегілер. Бұл сыйлықтар баланың жынысына қарамайды. Оларға бастысы танымдық, ойлау қабілетін дамытатын сыйлықтар берген жөн. Оған ата-ана да, бала да қуанады", - дейді Роза Камалова.

Маман жас пен жынысқа қарамайтын, барлығына тарту ететін сыйлықтар қатарын айтты. Олар, тұмар, бойтұмар, сәттілік алып келетін қызыл жіптер, асыл тастар. Мысалы, халықта сердолик байлық, күлгін кварц үйге бейбітшілік, сыйластық, махаббат алып келеді деген сенімдер бар. Сондай-ақ, бақытты отбасы, натюрморт салынған картина сыйлауға болады. Натюрмортта әдетте тағамның суреті салынады. Ол бай дастархан мен тоқтықтың символы. Одан бөлек, отбасылық фотосессия жасауға не болмаса альбом жинап, рамка сыйлауға болады. Ол үй ішіндегі, туыстар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына, жақсаруына көмектеседі.

Ал маркетолог Мария Хлопина қазақтың туыстық атауларына байланысты өз тізімін жасады. 

"Жаңа жылды әрдайым асыға күтемін. Меніңше, желтоқсан айы қарбаласта көзді жұмып ашқанша өтіп кетеді, сондықтан мейрамға дайындықты қыркүйек, қазанда бастап жүргеніме бірнеше жылдың көзі болды. Сыйлықтар тізімін жақындарым мен әріптестерімнің қызығушылығына қарай жасаймын. "Әйтеуір берсем болды" деп берілетін сыйлықтардан аулақпын, барлығын жеке-жеке жақсы ниетпен таңдаймын, кей нәрселерді қолмен жасаймын. Сондай-ақ, "саған не берейін" деп сұрамауға кеңес беремін. Себебі ол тілекті сіз орындай алмауыңыз мүмкін", - дейді ол.

Не сыйлауға болмайды?

Сыйлық таңдағанда белгілі бір этиканы сақтау маңызды. Жыныстық нәрселерді және жануар сыйламаған дұрыс, себебі ол адамды ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Сонымен қатар, кейін үйде шаң басып жататын немесе өте қымбат сыйлықтарды алмаған дұрыс. Мысалы, ұсақ-түйек бұйымдар сыйлыққа салғырт қарағаныңды көрсетеді, ал өте қымбат зат адамда қолайсыздық сезімін тудырады. Себебі ол келесіде соған тең келетін сыйлық беруім керек деп ойлап қалады. Ал сүйіктіңізге немесе өте жақын адамыңызға, оның келісімімен я болмаса тосын гауһар тасы бар сақина сыйлағыңыз келсе, бұл ережелерге бағынбаса да болады.

Ата-анаға не сыйлаймыз?

Ата-анаға өзіңіз дұрыс деп санаған сыйлықты берсеңіз болады. Себебі олар не сыйласаң да жақсы қабылдайды деп ойлаймын. Бала кезімізде де қолдан жасалған ашық хаттар беруші едік қой? Мысалы, оқығанды жақсы көрсе кітап немесе қажет үй техникасын сыйлауға болады. Қазір кино, театр, музей, цирктің маусымы, таңдау көп, сондықтан отбасыға билет алған жақсы шешім.

Я болмаса мейрамханаға дастарқан жалдаңыз, бізде дәмді тағамға ешкім қарсылық білдірмейді. Қазір, әсіресе, жүктілік туралы хабарды айту танымал болып барады, бір жағынан керемет сыйлық, екінші жағынан қаражатты үнемдеу.

Ата-әжеге не сыйлаймыз?

Біздің ата-әжеміз қырық жастағы ер адам мен әйелді бала көретін жандар. Оларға сыйлық таңдағанда жанына жылу сыйлайтын нәрсені ойластыру керек.

Бізде халық шай ішкенді жақсы көреді. Бұдан шығатаны: жоғары сұрыпты жақсы шай немесе табиғи, өзіңіз жасаған тосапты сыйға тартсаңыз болады. Сондай-ақ, қыстың аязында жылу беретін шәлі, орамал, ыңғайлы аяқ-киім мен тоқылған жүн-шұлықтар секілді заттар да ересектердің көңілінен шығады. Ал әшекей-бұйымдар мен иіс суларды берсеңіз, қарияларымыз балаша қуанады, себебі олардың жасы ұлғайғанымен көңілі жас. Аталарымызға да сыйлық алуды ұмытпаймыз, оларға шахмат немесе шашки сынды интеллектуал, миды тынықтыратын ойындар сыйласаңыз қателеспейсіз.

Қайын ата мен енеге не сыйлаймыз?

Мұнда өте абай болған жөн. Ата-енеңіздің көңілінен шығатын дүниені білмесеңіз, қарапайым, үй тұрмысына қажетті заттар немесе әдемі әшекей сыйлаңыз. Мысалы, классикалық үлгідегі сырға, жүзік, алқа, табиғи тастардан жасалған моншақ, ер адамға жеңілгек, галстук, көлікке арналған аксессуарлар және басқалары. Сонымен қатар, өнер туындылары - картина немесе мүсінше. Гастрономиялық жинақтар, қайталап айтамын, біздің қоғамда тамақтандыру үрдісі жақсы қабылданады. 

Келінге не береміз?

Барлығы келіннің жасы мен онымен қарым-қатынастың қандай екеніне байланысты. Алайда бұл кез келген жағдайға арналған сыйлықтар тізімі болғандықтан, оларға мойынорағыш немесе қолғап (мұнда қол өлшемін білген дұрыс) беруді ұсынамын.

Әшекей, зергерлік бұйымдар, бижутерия, тері өнімдері, тоқыма матаны да алса болады. Сондай-ақ, қазір моншаға бару сәнге айналды, сондықтан монша керек-жарақтарын сыйласаңыз дөп түскеніңіз және сұлулық салонындағы әр түрлі процедураға сертификат берсе болады.

Іні, жиен, бөле, қарындастарға не сыйлаймыз?

Мұнда да баланың жасына байланысты. Ол кішкентай бала болса, тізімде сансыз ойыншық, қуыршақ, конструкторлар бар. Сондықтан ол жағынан қиындық тумайды. Ал жасөспірімдерге сыйлық таңдаған қиынырақ. Себебі бұл кезде балада өзін-өзі таныту кезеңі басталады. Десе де, бірнеше нұсқаны қарастырса болады. Олар кітап, спорттық құрал-жабдықтар, түрлі үйірмеге абонемент, киноға билет, киім. Жай ғана ақша берсе болады, бірақ сомасын алдын ала ата-анасымен ақылдасу керек.

Ғашығыма не сыйлаймын?

Бұл қиялға ерік беретін кез. Бірақ сыйлықты қарым-қатынас ұзақтығына қарай, этиканы сақтай отырып алу керек. Сыйлықтардың жоғарғы рейтингінде, жұптық сүйкімді сыйлықтар алда тұр. Ол жас пен ахуалға қарамайды. Формасы жүрек жұп мойыналқа, сақина сыйласа болады. Мұнда барлығы қаражат пен талғамға байланысты. Алтын, күміс, тастар, карбон алсаңыз да өз еркіңіз.

Жақтау, сурет, фотоколлаж - нарықта әр түрлі материалдан жасалған жақтаулар таңдауы көп, фотоларды басып шығарып, рамкаға салып беруге болады. Сонымен қатар, саяхатқа шығуға жолдама, киноға билет немесе ғашығыңның хоббиіне байланысты сыйлық алса болады. Қызыл жіп - екі ғашық армандарың орындалсын деп бір-біріне қызыл жіп байлайды, бұл қазір қарқын алып келе жатқан тренд.

Бүгінгі нарықта ұсынылатын нұсқалардың алуан түрлілігін ескере отырып, жақын адамдарға арналған сыйлықтар - біздің махаббатымыз бен қамқорлығымызды көрсететінін ұмытпаңыз! Мүмкін, сіз сыйлықты өз қолыңызбен жасағыңыз келеді. Мысалы, шарф тоқу, әдемі сурет салып, жастық тігу, ән жазу, ертегі немесе өлеңдер жазу, кешкі ас дайындау немесе торт пісіру. Не болмаса, түрлі студия, курс, кеңесшілерден көмек сұраса болады. Қандай сыйлық болсын, ол шын жүректен, ізгі тілекпен берілсе, сол адамға ұнары анық.

Дайындаған: Камила Долаева

Суреттер unsplash.com фотобанкінен

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer