Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 октября 2018 15:05

Нағыз ішікті жасандыдан қалай ажыратуға болады - Маман кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтардың Интернетте ең көп іздеген тауары ішік екен. Қысқы киімге сұраныс артып жатқанына еліміздің басым аймақтарында күннің бірден суып кеткені себеп екенін айтпаса да түсінікті. Мұнда ең бастысы теріден жасалған сырт киімнің жасанды немесе түпнұсқа екенін ажырата білген жөн. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі ішіктер саудасымен айналысатын маман Нұргүл Тәуекеловадан нағыз қаракүзенді жасандыдан қалай ажыратуға болатыны және ішік аларда неге назар аудару керектігі жайлы сұрап білді.


Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтардың Интернетте ең көп іздеген тауары ішік екен. Қысқы киімге сұраныс артып жатқанына еліміздің басым аймақтарында күннің бірден суып кеткені себеп екенін айтпаса да түсінікті. Мұнда ең бастысы теріден жасалған сырт киімнің жасанды немесе түпнұсқа екенін ажырата білген жөн. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі ішіктер саудасымен айналысатын маман Нұргүл Тәуекеловадан нағыз қаракүзенді жасандыдан қалай ажыратуға болатыны және ішік аларда неге назар аудару керектігі жайлы сұрап білді.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта қаракүзеннен, жастардың арасында қара түлкі терісінен, түлкіден, рекс, орилагтан тігілген ішіктер сұранысқа ие.

"Қазақстанға негізінен ішік Грекия, Түркия, Қытай елдерінен жеткізіледі. Қаракүзеннен тігілген ішіктердің бағасы терінің сапасына сәйкес. Ал Грекияда өндірілген киім қымбатырақ. Қытайда өндірілген аукциондық терілердің де бағасы еуропалық тондармен шамалас. Жақсы, сапалы ішіктің  орташа бағасы - 380 000 - 500 000 теңге аралығында", - дейді Тәуекелова.


Қытайда жасалған канадалық қаракүзен. Бағасы - 530 000 теңге.

Осы ретте маман қаракүзеннен тігілген нағыз ішікті жасанды теріден ажыратудың тәсілдеріне тоқталды.

1. Ішікті қолмен ұстағанда сапалы тері қалың, біркелкі, жұмсақ, аздаған тікенекті болып, терінің орналасуының кері бағытында қолыңызбен жүргізсеңіз, тері алғашқы қалпына қайта келуі керек;

2. Терінің шелқабатын (мездра) үрлеп көру арқылы оның жасын анықтауға болады. Жас тері жұмсақ, барынша ақшыл түсті болады да, ал қоңырқай түс ескі терінің белгісі болып саналады;

3. Ішіктің астарын әдетте еуропалық өндірушілер ашық қалдырады. Бұл терінің астыңғы жағын көру үшін өте қолайлы. Бірақ қазіргі кезде ішіктің ішкі жағының бір бүйірінен жүгіртпе қалдыру көбейген. Терінің астарын қолмен ұстағанда қытырлаған дыбыс естілсе, бұл кепкен терінің белгісі. Жақсы өңделген тері жұмсақ болады. Тері боялмаған болса, шелқабаты ақ, ақшыл түсте болады, ал боялған қаракүзеннің шелқабаты ішіктің түсімен түстес, әрі бояу біркелкі болуы тиіс.


Түлкінің терісінен тігілген ішік. Бағасы - 95 000 теңге.

4. Ішікті қағып, сілкілеп көргенде қылы түспеуі керек. Әдетте, қатты созылған және жасанды жолмен алынған тері өте жұқа және қылы көп түседі;

5. Теріні иіскеп көргенде химиялық заттардың иісі немесе жануар майының иісі сезілсе, бұл терінің өңдеу технологиясымен сақталмағандығын, яғни киім арнайы фабрикада емес, үй жағдайындағы цехте өңделіп, тігілгендігін білдіреді.  

Сондай-ақ, маман жасанды ішіктің қалай жасалатынына тоқталды.

"Жасанды ішік деп отырғанымыз табиғи жолмен, теңіз өнімдерін жеп өскен емес, арнайы асыранды жолмен, көкөніспен өсірілетін қаракүзендерді немесе қазіргі кезде сатылымда өте арзан бағаға жиі кездесіп жүрген суырдың терісін айтуға болады. Әдетте, мұндай қаракүзендер 3 ай ғана бағылып, терісі өндіріске қолданыла береді. Дала суырының терісі қаракүзенге аздап ұқсас болып келеді", - деп түсіндірді ол.


Грекиядан әкелінген ішік. Бағасы - 510 000 теңге.

Айтуынша, қаракүзеннен тігілген нағыз ішіктерге өте сапалы терінің тек арқа тұсы пайдаланылып, ол тұтастай тігіледі.

Дегенмен қаракүзеннен басқа да терілерден тігілетін ішіктердің саны күн артып жатыр. Оларға деген сұраныс та аз  емес. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, бір маусымды 4 ай деп есептейтін болсақ, өзен құндызынан жасалған тонды 18 маусым, теңіз мысығы 17 маусым, арктика түлкісі (писец) 7 маусым, сусар 7 маусым, нерпа 6 маусым, түлкі 5 маусым, ондатр 5 маусым, нутрия 5 маусым, қаракөл 6 маусым, қой 6 маусым, тиын 4 маусым, суыр 4 маусым, көжек 2 маусым, қоян 1 маусым ғана киюге жарайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети