ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
29 апреля 2019 | 13:43

"Неблагодарный" жұмыс". Автобус жүргізушісінің әңгімесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Автобус жүргізушісі болып жүргеніме бес жылдай болды. Бұл қызметті Таразда бастағанмын. Негізі, оқыған мамандығым - слесарь.


Иконка комментария блок соц сети

Автобус жүргізушісі болып жүргеніме бес жылдай болды. Бұл қызметті Таразда бастағанмын. Негізі, оқыған мамандығым - слесарь.

Үйге түн ауа бірақ қайтамыз

Екі күн істеп, екі күн демаламыз. Бірінші жұмыс күні автопарктен таңғы сағат 6-да шығып, кешкі сағат 21.30-да қайтып, автобусты паркке тапсырып шығамыз. Үйге жеткенше түнгі сағат 23.00 болып қалады. Ал екінші жұмыс күні сағат 5.30-да басталады да 22.00-23.00-де бір-ақ аяқталады. Тамақтануға арнайы үзіліс бермейді. Әдетте 1,5 айналым жүріп өткен соң шамамен 40 минуттай үзіліс аламыз, екінші 20 минут үзіліс тағы бір айналымнан кейін беріледі.

Күнделікті қолыма 2 400 теңге береді. Қалған ақшаны қолма-қол санап бересің.  Бізде "оклад" деген жоқ. Айлықты сағатқа байланысты аламыз. Ең азы 13 сағат жұмыс істейміз. Мереке күндері сағатына 1 500 теңге береді, ал әдетте сағатына 950 теңге аламыз. Менде ең көп айлық 245 000 теңге шыққан болатын, ал ең азы 145 000 теңгедей алдым. 36 күн еңбек демалысын алуға құқымыз бар. Бұрындары сыйақы беріп тұратын, бірақ бүгінде оны бермейтін болған.

Жарысуды қойдық

Баяғыдай басқа жүргізушілермен жарысып "гонка жасауды" қойдық. Барлығына тыйым салынды. Жаңа ережелер белгіленді. Оған қоса, қазір Тимирязев көшесінің бойында BRT бар. Сондықтан қазір онда жүргізушілер сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүреді. Барлығы қатаң тәртіппен.

Бұрын белгілі бір жоспар болғандықтан, қатты жарысатынбыз, жасырмаймын. Кезінде Саяхатта ұзақ уақыт тұратынбыз - себебі үнемі уақытынан озып кетеміз. Сонда біраз демалып алатынбыз. "Қанша уақытқа істейсің, сонша ақша аласың" деген болатын. Басты мақсат - бәсекелестерден озып өту. Ал қазір арнайы жоспар жоқ, сағатпен төлейтіндіктен, асығыс жоқ, бірқалыпты.

Ал жолаушы жолақысын төлей ме, төлемей ме - ол автопарктің өз проблемасы. Ол біздің шаруамыз емес. Қазір бізге жалақыны сағатпен төлейтіндіктен, біздің ештеңеміз кетпейді де. Ал "Оңай" картасын қолданатындар жолақысын төлемесе, "Оңай" өкілдері олармен өздері айналысады.

"Неблагодарный" жұмыс

Мысалы, автобус бұзылып қалған жағдайлар болады, сенің басыңа да түседі мұндай жағдай. Автобус бұзылып қалса, автопарк жауап береді. Ал бірақ жол апатына ұшырасаң, онда сен автобусқа да, жолаушыларға да жауаптысың.

Барлық шығынды өз қалтаңнан төлейсің, оған қоса, 10 күнге жұмыстан шеттетілесің.

Жүргізуші негізі жақсы атақ әкелмейтін, "неблагодарный" жұмыс деп айтар едім. Бірақ енді өзіміз осыған үйреніп қалғандықтан жүрміз. Бұрын жеке жүргізуші болып та жұмыс істедім. Әзірше басқа жұмыс қарастырып жатқаным жоқ, осы жұмыста жүре тұрамын.  

"50-100 теңгеге жеткізіп берші" дейтіндер болады

Қаланың жоғары жағынан әуежайға дейін барамыз. Жұмысым студенттерді тасымалдау деп айтуға болады. Студенттерден бөлек, "50-100 теңгеге жеткізіп беріңізші" деп өтінетіндер болады. Оларға анда-санда "жарайды, отыра бер" дейміз. Енді түрлі жағдайлар болады ғой. Бірақ "Оңайдың" адамдары келсе, "өзің түсіндіресің", "өзің жауап бересің" деп айтамыз.

Бір қызық оқиға есіме түсіп кетті, әлі көз алдымда...

Бірде әуежай жақтан әже мінді. "Шаңырақ" ықшамауданына барғысы келіпті. Менен бастысы билетті алды. Оған біреу "осы автобус "Шаңыраққа" дейін барады" деген болуы керек. Сосын мен әжейге "біз ол жаққа бармаймыз" деп айтып, түсіндірмек болдым. Бірақ ол мені тыңдайтын түрі жоқ. "Қазір сізді "Озеро" деген аялдамадан түсіріп кетемін, сол жақтан №120 автобусқа отырасыз" дедім. Бірнеше рет қайталап айттым. Ол кісі болса бой бермейді, айтқанынан қайтпайды. "Озеро" деген аялдамаға жетіп қалдық, әжейді түсірмекші болдым. "Әжей, әне келді,  №120 автобус. Соған отырсаңыз, "Шаңыраққа" жетесіз дедім". Ал ол болса, "жоқ, cенімен жетіп алғым келеді, маған осы автобус барады деп айтқан. Қазір сен кетіп қалсаң, мен сені қайдан табамын" деп тағы да бой бермейді. Содан әрең дегенде әжейді көндірген едім.

"Кем дегенде бес жыл еңбек өтілі болуы тиіс"

Жолаушыларды тасымалдап, қалалық автобус жүргізушісі болып жұмысқа орналасу үшін кем дегенде бес жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Барлық құжатыңды тапсырасың, сосын емтиханнан өтесің. Емтихан алатын адам қалалық автобустардың маршруттарын қолға ұстатады. "Мына маршруттармен жүріп кел, соңғы аялдамаларына дейін барып, көріп кел" деп тапсырады. Мұның барлығы тағылымдама ретінде саналады.       

Басшылық айтқан жүргізушіге барып, сол жүргізушінің қарамағында отырып, сол автобустың маршрутымен жүріп өтесің. Жұмыс күнінің соңында сол жүргізушінің қолын қойдырып, басшылыққа апарып, тапсырасың. Барлығын ауызша айтып бересің - қай автобус қай көшеден бастап қай көшеге дейін барады, аялдамаларды да атап бересің. Сосын саған үш сұрақ қояды. Оның біреуіне жауап бере алмай қалсаң, тағы да белгілі бір маршрутты көріп қайтасың.

Қазір жолаушыларға сөйлей де алмай қалдық

Жұмыстың қиыны - жолаушылар. Жолаушылар қатты шаршатады, жүйкеңді жұқартады. Қазір оларға сөйлей де алмай қалдық қой. Бұрынғыдай заман жоқ. Кабинада тыныш қана отырасың, тек сырттай айнадан бақылап, қарап отырасың. 

Қазір жолаушылармен сөйлеспейміз. Бізге сондай тыйым салынды. Автобуста мас немесе тәртіп бұзған жолаушыны да шығара алмайтын болдық. Кабинада отыра береміз. Ештеңе де айта алмаймыз. Микрофонымызды да алып қойды ғой. Бұрын аялдаманы атап отырушы едік, ал қазір оның орнына арнайы автоматтар орнатылды.

Бүгінде автобустарда 7 камера орнатылған - екеуі автобустың алдында, екеуі - артында, салонда екі камера және жүргізушінің кабинасында бір камера болады. Ереже қатаң.

Бәлеқорлар мен шағымданушылар көбейді

Қит етсең немесе бір сөз айтып қалсаң болды, бірден шағым түсіруді әдетке айналдырып алған. Себебі қазір халыққа жүргізушілердің үстінен кез келген уақытқа шағымдануға мүмкіндік беріп қойды, арнайы кестелерді де іліп қойды. Бір ережебұзушылық жасасаң, бірден 10 күнге жұмыстан шеттетеді немесе тіпті жұмыстан шығарып жібереді. Ондай кезде ештеңе дәлелдей алмайсың. Халық тек шағымдануды біледі, бәлеқорлар сияқты. 

Біз де үнемі халықтың көңілін аулай алмаймыз ғой. Сол жағынан бұл жұмыс бізді қатты шаршатады. Соңғы уақытта, бізді, жүргізушілерді, қатты қысып жатыр.

Өкінішке қарай, автобус жүргізушілері арсыз, дөрекі, тәрбиесіз, тек рөлде отырып, былапыт сөздер айтып, темекі шегетін адамдар деген түсінік қалыптасқан. Бірде-біреуіңіз бір жұмыс күні болса да автобус жүргізіп, жолаушыларды тасымалдап көрдіңіздер ме? Сол кезде ғана қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларға айтылған сынның қаншалықты әділ екенін түсінесіздер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети