Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июля 2020 19:45

"Өлген" Көбейтұз, 42500 теңге және зейнет жасы. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңнан асты. Сондай-ақ, 42500 теңге алғандар да көбейді. Одан бөлек, желіде қызу талқыланып жатқан Көбейтұз көлі туралы жаңалықтар шықты. Tengrinews.kz тілшісі 22 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.


Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңнан асты. Сондай-ақ, 42500 теңге алғандар да көбейді. Одан бөлек, желіде қызу талқыланып жатқан Көбейтұз көлі туралы жаңалықтар шықты. Tengrinews.kz тілшісі 22 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар 75 мыңнан асты

Соңғы тәулікте елімізде тағы 1685 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 743 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 213 / 103
Алматы қаласы - 241 / 134
Шымкент қаласы - 38 / 10
Ақмола облысы - 54 / 28
Ақтөбе облысы - 50 / 30
Алматы облысы - 54 / 27
Атырау облысы - 109 / 65
Шығыс Қазақстан облысы - 238 / 115
Жамбыл облысы - 42 / 23
Батыс Қазақстан облысы - 87 / 44
Қарағанды облысы - 175 / 79
Қостанай облысы - 54 / 17
Қызылорда облысы - 115 / 34
Маңғыстау облысы - 49 / 18
Павлодар облысы - 68 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 82 / 4
Түркістан облысы - 16 / 6.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 153-ке жетті. Оның 46 790-ы аурудан жазылса, 585 науқас қайтыс болған.


Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Зейнет жасы қысқаратыны рас па?

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанда зейнет жасы қысқарады деген хабарламаны көрген боларсыз. Соңғы уақытта мұндай ақпарат желіде қызу талқыланған. Жазба авторы әлеуметтік желіде енді ерлер 61 жастан, әйелдер 57 жастан зейнетке шығатынын айтқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламаға түсініктеме берді.

"Мессенджер мен әлеуметтік желіде Қазақстанда зейнет жасының өзгеруі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 59 жарым жасында зейнетке шығады", - дейді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады (зейнет жасына жеткенге дейін шығу). Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін 55 жас, әйелдер үшін 51 жарым жыл. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.

Атырау әуежайындағы ұшақтан шыққан қара түтін не?

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған тағы бір Атырауда түсірілген. Қазақстандықтар әуежайдан ұшқан әуе кемесінің видеосын талқылаған. Видеода ұшақтан қара түтін шыққаны байқалады.

Атыраулық мамандар қара түтін шыққан ұшаққа қатысты түсініктеме берді. Әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің сөзінше, кеше, 21 шілдеде түстен кейін АН-12 жүк ұшағы ұшып кеткен.

"Ұшу режимі кезінде қоспалар араласып, бөлінген, басқаша айтқанда қоспалар шығады. Бұл қалыпты жағдай. Кеңес кезіндегі барлық ұшақтан осындай қоспа бөлінеді. Ұшақ биік ұша бастаған сайын номинал режим, қара түтін азаяды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ", - дейді Андрей Ким.

Қанша қазақстандық 42500 теңге алды?

Қазақстанда 42500 теңге жәрдемақысын алған тұрғындар саны артты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 миллион 730 мың бірегей өтініш қабылданғанын айтты.

Төлем 1 миллион  309 мың адамға тағайындалған. Ақшалай қаражат 1 миллион 122 мың қазақстандыққа аударылды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:

- 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
- 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
- 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Көбейтұз көліне ерекше мәртебе берілмек

Соңғы кезде Көбейтұз көлі қызу талқыланып жатыр. Ерекше көл елордалықтар мен облыс тұрғындарының сүйікті орнына айналған. Желіде күн сайын сол жақтан түсірілген фото мен видео жарияланады.

Тұрғындар көлге тек демалу үшін бармайды. Желіде көргеніміздей, біреу көлігін жуса, басқа біреулер көлдің тұзын әкетіп жатыр екен. Көлдің тұзы коронавирус жұқтырғандарға ем болады деген де қауесет тараған.

Салдарынан қызғылт түсті суымен таңғалдырған Көбейтұз көлі қоқысқа толған. Блогер Яков Федоров таяуда көлді суретке түсіріп, "Көбейтұзды өлтіріп тынды" деп жазба қалдырған болатын.

Бүгін экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көліне баруға шектеу қою жоспарланып отырғанын айтты.

"Бұл көлдің бірегейлігін ескере отырып, тиісті шектеу режимін енгізу үшін оған ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беру керек деп санаймыз", - деді министр.

Сондай-ақ, ол көлдің сатылмайтынын және жалға берілмейтінін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети