Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июля 2020 12:40

Өз елінен ақша ұрлағанын мақтан тұтады - Нұртас Адамбай жемқорлар туралы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook/Нұртас Адамбай Фото: facebook/Нұртас Адамбай

Режиссер, продюсер, актер Нұртас Адамбай еліміздегі жемқорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Режиссер, продюсер, актер Нұртас Адамбай еліміздегі жемқорлық мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен ол өз жобаларында қоғамдағы өзекті мәселені көтеруге тырысатынын атап өтті.

"Менің ойымша, қазіргі таңда еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлық. Барлық мүмкіндік бола тұра, өзімізден өзіміз (ақша - автор) ұрлап жүрміз. Осылайша, болашағымызды құртып жүрміз. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлық мәселесіне мән беріп отырмыз. Адамдардың мәселеге сырттан қарауға мүмкіндігі болуы керек. Сыбайлас жемқорлықпен былыққа батқандар бұған жағымсыз дүние, қылмыс ретінде қарамайды", - дейді ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен брифингте.

Нұртас Адамбай елімізде ақша табудың жағымсыз тенденциясы қалыптасқанын ашық айтты. 

"Өкінішке қарай, бізде ұрлық "ақша табу" деген сөздің синониміне айналды. Мысалы, кейбіреу бір жобадан осынша ақша таптым дейді. Егер бұл жағдайға тереңірек қарасақ, ол бір жобадан ақшаны ұрлап алып, осы әрекетін мақтан тұтады. Ол өзінің не істегенін түсінбейді. Оның ойынша, ойынның тәртібі сондай. Егер басқалары осындай әрекетке барса, оның да мемлекетімізді тонауға моральдық құқығы бар сияқты", - дейді продюсер.

Осы орайда режиссер өмірде болған оқиғадан мысал келтірді. 

"Мен жақын танысыммен сөйлестім. Ол ағасының бір мекемеге лауазымды қызметке тағайындалғалы жатқанын айтты. Ол маған осы мекемеден тендер алғысы келетінін жеткізді. Мен оған "Сен немен айналысқалы жатқаныңды түсінесің бе? Өз мемлекетіңнен ақша ұрлағалы жатырсың ғой" дедім. Ол "егер мен мұны істемесем, басқа біреу істейді" дейді. Түсінесіз бе? Біз санамызды өзгертуіміз керек", - дейді Нұртас Адамбай.

Оның пікірінше, жемқорлық қоғам үшін өте қауіпті.

"Егер мемлекеттен ақша ұрласаң, ол халықтан ақша ұрлағаның, осыны біз түсінуіміз керек. Салдарынан ертең балаң шұрық-тесік жолдармен жүреді, құдай сақтасын, біреу оны тонап кетуі мүмкін. Себебі, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қандай екенін білеміз", - дейді продюсер.

Айта кетейік, кеше Алматы облысында пара алған шенеунік өзенге секіріп кеткенін хабарланған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети