КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
08 октября 2019 | 16:33

Пара алу, алаяқтық және миллиондаған доллар. Қазақстандық шен-шекпенділердің атышулы істері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Шенді-шекпенділердің заң бұзып, жазаланғаны жайлы ақпаратты жиі оқитын болдық. Кей полиция қызметкері бас бостандығынан айырылса, басқа біреулері айыппұлмен құтылады. Қылмыстық қудалауға ұшырап, істі болған полицейлерге Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шенді-шекпенділердің заң бұзып, жазаланғаны жайлы ақпаратты жиі оқитын болдық. Кей полиция қызметкері бас бостандығынан айырылса, басқа біреулері айыппұлмен құтылады. Қылмыстық қудалауға ұшырап, істі болған полицейлерге Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Жоғары лауазымды шенділердің ұсталуы

Таяуда Ақмола облысында полиция полковнигі Асан Сәдуовтың ұсталғаны хабарланды. Оған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген күдік келген.

Оған қатысты Ақмола облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен бірлесіп тергеу жүргізіп жатыр.

40 жастағы Сәдуов полициядағы қызметін 2000 жылы бастаған. Ол кезде туған жері Көкшетауда учаскелік инспектор болып қызмет еткен. Бүгінге дейін оның қызметіне қылмыстық терроризм, заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес қызметі енген еді.

Ал былтыр сәуірде ол Ақмола облысы полиция департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған. Тергеу басталған соң ол қызметінен босатылды. 

Қоластындағылары үшін қызметінен кеткен басшы

Сәдуовпен бірге тағы бір полиция полковнигі Сәуле Жұмалина тұтқындалды. Екеуіне де бірдей айып тағылған: сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу.

Жұмалина 1971 жылы сол кезде Көкшетау облысына енген Сарбұлақ ауылында туған. Үш жоғары білімі мен экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар. Құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қызметінің басым бөлігінде Ақмола облысы ІІБ қаржылық қауіпсіздік басқармасында жұмыс істеген. 5 жылдан бері осы басқарманың басшысы.

Кеше Сәдуов пен Жұмалинаның ісінен кейін Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы Берік Біләлов қызметінен кетті. Оның міндетін атқарушы болып полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды. 

Алаяқ полицей

Биыл ақпанда Түркістан облысында пара алып жатқан жерінен ұсталған полицей жазаланды. Мақтарал аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері М. Жұмаділовтің ісі былтыр басталған.

2018 жылы 7 желтоқсанда ол 260 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Жұмаділов Өзбекстан азаматына тұру ықтиярхатын рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген. Оған "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылған.

Биыл 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен полицей алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

300 мың теңге пара үшін 20 миллион теңге айыппұл

Былтыр ақпанда Тараз қалалық полиция қызметі басшысының орынбасары Жақсылық Бүйтеков пен батальон командирі Бақытжан Жолдасбеков пара алды деген күдікке ілінген.

Ұлттық бюро баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, олар қызметте қорғаншылық жасағаны үшін өз бөлімшесіндегілерден жүйелі түрде пара алып отырған. Пара көлемі 7 мыңнан 180 мың теңгеге дейін. Жалпы сомасы - 300 мың теңге.

Сотта Жақсылық Бүйтеков кінәсін мойындап, жаза ретінде айыппұл тағайындауды сұраған. Нәтижесінде судья оларға 19,565 миллион теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының экс-қызметкерлері өз шенінен айырылды, сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметті атқаруға тыйым салынды.

Героин өткізу ісі

2018 жылы тамызда Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасы басшысының орынбасары М. Кантурин мен ПД Тергеу басқармасының тергеушісі Әзімхан заңға қайшы әрекеті үшін тұтқындалған. Дәлірек айтқанда, құқық қорғаушылар 658 грамм героин өткізді деп айыпталған. Сонымен қатар, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген де айып тағылған.

Бұл іске қатысты сот үкімі биыл наурызда шықты. Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сот Кантурин мен Әзімханды "Пара алу" бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Полицейлер тағы екі бап бойынша кінәлі болып, нәтижесінде Кантурин 10, Әзімхан 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, оларға өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салынды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer