Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 мая 2018 19:35

Партияның атын жамылған алаяқтар ауыр дертке шалдыққан келіншекті алдап кетпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына Құрманғазы ауданындағы Орлы ауылының 29 жастағы тұрғыны Зухра Ахметова келді. Оған дәрігерлер "миеломдық ауру" немесе қан жүйесінің бұзылуы деген диагноз қойған.


Бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына Құрманғазы ауданындағы Орлы ауылының 29 жастағы тұрғыны Зухра Ахметова келді. Оған дәрігерлер "миеломдық ауру" немесе қан жүйесінің бұзылуы деген диагноз қойған.

Ресейдің Астрахан қаласында 20 күн ем-дом алған келіншек ары қарай қаражаты жетпегендіктен, емі бітпесе де үйіне қайтып келген. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын Зухраның қазіргі салмағы небары 25 келі. Яғни анорексияға да шалдыққан. Қазір үйде жатып, емді жалғастырғанымен, нәтиже берер емес.

Бұдан бөлек, мәскеулік дәрігерлер ота жасау үшін 12 миллион теңге қажеттігін айтқан. Бірақ оған мүмкіндік жоқ дейді. Оның үстіне отбасын асырап отырған жұбайы да жұмыстан қысқартуға ұшырапты. Қиын жағдайда қалған жанұяның ендігі бар үміті - қайырымды жандарда.

Ауыр халде жатқан "Зухраға әлеуметтік желіден сіздің жағдайыңызды естіп жатырмыз. Біз Нұр Отаннан хабарласып тұрмыз, сіздерге қол ұшын ұсынғымыз келеді" деп хабарласқан. Сенімді болу үшін деген сылтаумен алаяқтар Зухраның туыстарынан 50 мың тенге аударуын сұраған. Салған жағдайда 650 мың тенге қылып қайтарамыз деп сендірмек болған. Зухраның жолдасы бұған күмәнмен қарап, "Бізге қарапайым халық ақшаны сұрмай-ақ салып жатыр. Егер көмектескілеріңіз келсе Instagram-парақшада есепшот жазылып тұр, соған салыңыздар" деп жауап қайтарған.

Онымен қоймай алаяқтар бәрібір "сен тұрмайсың", "жазылмайсың", "өлесің" деп қоқан-лоқы жасап хабарлама жіберген. Бұл оқиғаны Зухраның ем-домына қатысты барлық істі атқарып жүрген қайын сіңлісі Skype арқылы баяндап берді.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети