Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 мая 2020 15:28

Пәтер жалдайтындарға коммуналдық қызмет ақысы өтеп беріле ме?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарма басшысы Әсет Масабаев коммуналдық меншікті өтеу ережесіне өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарма басшысы Әсет Масабаев коммуналдық меншікті өтеу ережесіне өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма басшысы елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеу бойынша көмек беру қарастырылғанын жеткізді. Мына санаттағы азаматтардың коммуналдық меншікті өтеу шотына сәуір және мамыр айларына 15 000 теңге аударылуы қажет.

"Басында бұл санатқа 1, 2, 3-топтағы мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы, көпбалалы отбасы, Ұлы Отан соғысына қатысуқандар және оған теңестірілгендер, қоғамдық, әскери тәртіпті қамтамасыз ету барысында қайтыс болған азаматтардың отбасы, ең төменгі зейнетақы иелері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар кірді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингте.

"Министрлікке ұсыныс жібердік"

Осы орайда ол қала тұрғындарынан көп сұрақ түскенін атап өтті.

"Жалдамалы пәтерде тұратын азаматтарға және есепшоты өз атына тіркелмеген жағдайда отбасы мүшесіне қалай көмектесуге болады деген көп сұрақ қойылды. Осыған байланысты біз индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жалдамалы пәтерлер иелері және жоғарыда аталған отбасыға қатысты өз ұсынысымызды бердік. Себебі, көмекті беру ережесін осы министрлік дайындаған", - деді Әсет Масабаев.

"Ережеге өзгеріс енгізілді"

Басқарма басшысы коммуналдық меншікті өтеу ережесіне өзгеріс енгізілгенін айтты.

"10 мамырда министрлік ережеге өзгеріс енгізді. Осыған байланысты біз коммуналдық қызметті пайдалану бойынша өтемақыны алу кезінде өзіне есепшот ашылмаған жағдайға қатысты мәселені қарастырдық. Осылайша, біз ол азаматпен бірге тұратын адамда немесе бірге тұратын отбасы мүшесінде есепшот болса, оған тиісті ақшаны жіберетін болдық. Яғни Алматы тұрғындары 345-05-25 және 3777-444 нөмірлеріне хабарласа отырып, алдымен санатқа кіретін азамат екенін дәлелдеуі шарт. Кейін тұрғын өзіне қатысты тиісті ақпаратты беріп, отбасының қай мүшесіне есепшот ашылғанын көрсетсе, сол есепшотқа тиісті қаржыны жібереміз", - деді ол.

"Ақшаны алуға құқы бар"

Оның айтуынша, сәуір айында мұқтаж азаматтардың саны 62 мың болған. Қазіргі таңда оның саны 2 есеге артыпты.

"Өтінімнің көп түсуіне байланысты бүгінде әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны 119 мыңға жетті. Яғни олардың саны 2 есеге өсті. Жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар біздің орталыққа хабарласып, ақшаны алуға құқығы бар. Ақшаны беруге біз міндеттіміз. Бүгінде бізге 158 620 мың адам хабарласты. Оның ішінде 20 459 адамның дерегі ғана расталған. Қалғандары бұл санатқа кірмегендіктен бұл көмек берілмейді", - деп түйіндеді сөзін ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети