Ринат Зайытов жаңа қызметіндегі жалақысын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ринат Зайытов, айтыскер, "Алатау" дәстүрлі өнер театры директоры Ринат Зайытов, айтыскер, "Алатау" дәстүрлі өнер театры директоры

Таяуда "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалған Ринат Зайытов жаңа қызметіндегі жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалған Ринат Зайытов жаңа қызметіндегі жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айлығым қанша екенін білмеймін. Шамамен, 200 мың теңге. Бірінші барып еден жуушылармен сөйлестім. Олардың жалақысын білемін. Ең көбі 56 мың теңге. Мұндай жалақыға адам жұмыс істей ме? Менің орталығымда осындай адамдар бар. Ол жерде ең жоғары жалақы менікі, ол әрі кетсе 200 мың шығар. Ондағы әнші, әртіс, айтыскер ақындардың жалақысы 100 мың теңгеден аспайды", - деді Зайытов журналист Нартай Аралбайұлының Youtube-каналына берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, "Алатау" театрының біржылдық бюджеті - 17-18 миллион теңге. Қоластында 230 адам бар. 

"Қызметтік көлігім бар. Бірақ оны қолданбаймын. Маған оның қажеттілігі жоқ. Таңертең жұмысқа барамын, кейін әкімдікке, телеарнаға, не басқа бір жаққа барып келуім мүмкін. Басқа уақытта жұмыстамын", - дейді театр басшысы. 

Еске салайық, 8 ақпанда Ринат Зайытов Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалғаны хабарланған еді. 

Айта кетейік, 2019 жылдың маусымында Ринат Зайытов партия құрмақ екенін айтып, "Алматы Арена" маңында президент сайлауынан кейін митинг ұйымдастырды деген айыппен ұсталғаны хабарланған еді. Кейін оның алматылықтарды сабырға шақырып, үндеу жасаған видеосы жарияланған

Артынша халық Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы полиция ғимараты алдына жиналған. Сол кезде Ринат Зайытов оларды тағы да сабырға шақырып, үйге тарауын өтінген болатын. 

Бес баланың әкесі, актер, хит әндердің авторы. Сіз кімсіз, Ринат Зайытов?

Ринат Зайытов - 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Зайытов екі түрлі мамандықты тәмамдаған: драма театр актері және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бірақ оны танымал қылған бұл мамандықтар емес. 2001 жылы 17 жастағы Зайытов айтыс сахнасына шығады. Сол кезде-ақ халықтың махаббатына бөленген жас айтыскер кейін республикалық, халықаралық додаларға түсе бастап, жұлдызы жанған.

Ринат Зайытов хит әндердің авторы ретінде де аты шыққан. Ол КешYou тобының көп әніне сөз жазған. Халық арасында хит болған Бүркіттің "Тәттімсің", Бейбіт Қорғанның "От, от жанарым", Ғаділбек Жанайдың "Күзгі жаңбыр" әндерінің авторы - Ринат Зайытов. 2014 жылы сөзін Зайытов жазған "Ізін көрем" әнімен Жанар Дұғалова Turkvision жарысын жеңіп алған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 10
Астана 9
Актау 12
Актобе 15
Атырау 15
Б
Балхаш 14
Ж
Жезказган 8
К
Караганда 10
Кокшетау 15
Костанай 19
Кызылорда 3
П
Павлодар 9
Петропавловск 2
С
Семей 9
Т
Талдыкорган 10
Тараз 18
Туркестан 15
У
Уральск 1
Усть-Каменогорск 17
Ш
Шымкент 12

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer