Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 ноября 2019 17:06

"Селфи жасаған" Михаэлис, эротикалық мүсін, плагиат. Қазақстандағы оғаш ескерткіштер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осымен 2-3 күн бойы әлеуметтік желілерде Семейде Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қызу талқылана түсті. Қала тұрғындары бұл мүсінге бірден наразылық білдірді. Ал бүгін оның алып тасталғаны белгілі болды. Қазір ол жерде ешқандай мүсін жоқ. Расында да осы күнге дейін елімізде бірталай ескерткіш сынға ұшырап, кейіннен алып тасталған болатын. Tengrinews.kz тілшісі халық арасында дау шығарған ескерткіштерді еске алады.


Осымен 2-3 күн бойы әлеуметтік желілерде Семейде Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қызу талқылана түсті. Қала тұрғындары бұл мүсінге бірден наразылық білдірді. Ал бүгін оның алып тасталғаны белгілі болды. Қазір ол жерде ешқандай мүсін жоқ. Расында да осы күнге дейін елімізде бірталай ескерткіш сынға ұшырап, кейіннен алып тасталған болатын. Tengrinews.kz тілшісі халық арасында дау шығарған ескерткіштерді еске алады.

Семейдегі Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде батыр қыздың бейнесі әдемі шықпай қалғанын айтып, оған қоса, оның ағаштан жасалғанына сын айтты.

Сынға қалған ескерткішті Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласынан келген ерлі-зайыпты мүсіншілер - Иван және Юлия Куртуновтар жасаған екен. Юлия Куртунова жергілікті Arnapress.kz басылымына берген сұхбатында ескерткіш қою Семей әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасы деп айтқан. "Ағаш ескерткіш жасату үшін бізді осында шақырды" деген ол.

                                                                                           © arnapress.kz

Олар жұмысы Семей қаласының тұрғындары арасында дау туғызғанынан хабардар екен. 

"Мәрмәр немесе ағаштан жасалғаны маңызды емес, мұнда атмосфера маңызды. Жеңіс саябағында Кеңес Одағының Батырларына арналған ескерткіштер, танк ескерткіші қойылады. Мәншүк Мәметова - қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы әйел. Ол мүсін жасауға лайықты", - деді Юлия. Оның айтуынша, күйеуі екеуі әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерге назар аудармайды. Қарсы болғандардан, қолдағандардың пікірі көп дейді.

Алматыдағы үш әйелдің мүсіні

Былтыр Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің алдындағы жартылай жалаңаш әйелдердің мүсіні үлкен дау туғызған еді. Қала тұрғындары ол ескерткішті ерсі және қазақ қыздарының тәрбиесіне жат екенін айтып, дауласқан еді.

Сауда орталығы өкілінің айтуынша, ол мүсіндерді сол аумақты жалға алып жатқан компания орнатқан. Компания өкілдері болса, осы мүсіндер арқылы қала тұрғындары мен қонақтарын танымал туындылардың авторларымен таныстырмақ болғанын айтқан. 

Кейінірек сауда орталығының өкілдері бұл мүсіндердің плагиат екенін мойындады. Расында да Парижде осындай мүсіндер орнатылған. Оның авторы - француз суретшісі, мүсінші Ники де Сен-Фалль.

                 Парижде орнатылған мүсін.

Елордадағы "эротикалық" мүсін

Қазнетті дүрліктірген тағы бір мүсін - Нұр-Сұлтандағы "Ғашықтар мүсіні". Қала орталығындағы Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" немесе "Бақытым менің" композициясына елорда тұрғындары екіұшты пікір айтқан еді.

Елорда тұрғындарының бірі Бақытжан Бермағамбет Yvision.kz сайтындағы блогында ашық киінген қыздың образына қатысты мәселені көтерген болатын.

"Қос бұрымды қыздың нәзіктік пен әйелге тән образды білдіретінін білсек те, оның тым ашық киімде тұрғаны көңілімізді түсіріп тастады, оның бар тәні ашық, тіпті емшегінің үрпісі де көрініп тұр. Кіндігі көрінген қазақ қызының көпшілік алдында көрінуін қаламаймыз. Одан эротиканың емес, сыпайылық пен пәктіктің белгісі көрінсе деп едік", - деп жазған еді елорда тұрғыны.

                                                                               © Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, бұл даулы ескерткішке сол кездегі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да пікір білдірген. Министрліктегілер тіпті көркемдік кеңес өткізген болатын.

"Комиссияның құрметті мүшелері мүсінге мата жапқандарға қарағанда оптимистік көзқараста. Олардың пікірінше, айтарлықтай ережебұзушылық немесе көз тоймайтындай, жалаңаштанған ештеңесі жоқ. Барлығы бұл туындыға жоғары баға беріп отыр", - деген еді Мұхамедиұлы.

Осылайша, экс-министр жұртты сабырға шақырған болатын.

Ақтөбедегі қыздың мүсіні

Осыдан 3 жыл бұрын Facebook қолданушысы Ақтөбеде "эротикалық" мүсінді көріп, оның суретін Ақтөбе-Online тобында жариялаған еді.

"Бізде де "ерсі" мүсіндер бар, бірақ оны астанада орамалмен жапқандай ешкім жаппайды. Қыздың кеудесі дымқыл киімнен ерекше көрініп, бөксесі де анық байқалып тұр. Ай-яй-яй", - деп жазған болатын ол суреттердің сипаттамасына.

                                                                                       © Facebook

Пікір қалдырғандар белгісіз мүсіншінің туындысын қолдаса, басқа біреулері бұл туындыны сынға алды. "Мүсін қалыпты. Әдемі, тұлғасы сымбатты. Бірақ кейде одан да асқан түпнұсқаларды көресің... Ұялу туралы әңгіме жоқ", "Өте әдемі, бірақ таза әдепсіздік" десе, тағы біреулері "туындыдан эротикалық көріністі тапқан адам (Астанада), өзі де сондай адам болса керек" деген пікірлер айтылған еді. 

Өскеменде Абай мен Михаэлиске қойылған ескерткіш

2014 жылы Өскеменде Абай мен Евгений Михаэлиске арналған ескерткіш орнатылған болатын. Бұл ескерткіш бірінші күннен-ақ әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастаған.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, Абай Құнанбайұлы мен Евгений Михаэлис суретте селфи жасап жатқан сияқты, сондай-ақ көпшілік мүсіндердің ергежейлі екенін айтып жатыр. Қолданушылар арасында "бұл мәдени мұра мен тарихқа жасалған қиянат" деген пікірлер айтылған болатын.

Кейінірек Абай мен Михаэлиске қойылған даулы ескерткіш алып тасталғаны белгілі болды.

"Абай - Михаэлис ескерткішінен бастапқы нұсқадан ауытқушылық анықталғаннан кейін шеберлер оны түзеп жөндеуге алып кетті. Оларға түзету енгізу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлаған еді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің өкілі.

 "Ленинге ұқсайтын батыр ескерткіші"

Таяуда тележүргізуші Марат Оралғазин әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Ол оқырмандарына Алматыда орналасқан Райымбек батырдың ескерткішіне қатысты сауал қойды.

"Че-то Ленинге ұқсап кеткен бе Райымбек ата? Или Бұрынғы бюстке сауыт кигізе салған ба? Че-то не то! қай жер бұл? Кім біледі? Фотоны интернеттен тауып алдым", - деп жазған еді Оралғазин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

Желі қолданушылары өз кезегінде түрлі болжамдарын айтты. 

"Таза қазақ жасамаған ғой. "Че то" " или" деген сөздер араласып кеткен шығар жасап жатқанда", "Атамыз орыстарға ұрпақ қалдырып кеткен болып тұр ғой. Ленин Əкесіне ұқсаған екен, Райымбек атамыз мықты болып тұр ғой" десе, тағы біреулері "Ленин ақсақалдың мүсіні ғой мынау. Просто қазақтар басына сауыт кигізіп қойған" деп пікір қалдырған.

 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети