Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июня 2022 12:41

Шенеуніктердің уәделері: жыл соңына дейін Қазақстанда не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шенеуніктер биыл қандай уәделер берді? Оның ішінде көлік алу, жолдар, мектептер құрылысына қатысты уәделер бар. Massaget.kz тілшісі шенеуніктер биыл аяқтауға уәде берген мәселелерді жинады. 


Шенеуніктер биыл қандай уәделер берді? Оның ішінде көлік алу, жолдар, мектептер құрылысына қатысты уәделер бар. Massaget.kz тілшісі шенеуніктер биыл аяқтауға уәде берген мәселелерді жинады. 

4 пайыздық автонесиемен қанша қазақстандық көлік ала алады?

Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев биыл қанша қазақстандық 4 пайыздық автонесиемен көлік сатып ала алатынын айтты. Ол биыл 15-17 мың қазақстандық көлік ала алады деп уәде берді. 

"Шамамен алғанда, 15-17 мың адамға дейін ала алады", - деді Несіпбаев ақпанда өткен баспасөз мәслихаты. 

21 маусымдағы жағдай бойынша, банктер 82 миллиард теңге сомасындағы 10 888 өтінімді қабылдап, 4 847 автокөлік берілген. 

"Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі"

2019 жылы қыркүйекте Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан еді. Соның салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш жолаушы зардап шеккен болатын. 

Ал биыл сол Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі. Ол "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі биыл пайдалануға берілетін жолдар арасында жазылған. 

"Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды. Олардың қатарына "Күрті-Бурылбайтал"; "Күрті-Қапшағай"; "Үшарал-Достық"; және Шамалған станциясының айналма жолы жатады.

"Күрті-Бурылбайтал" жобасы бойынша 2152-2295 км аралығы (143 шақырым) жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, "Күрті-Қапшағай" (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Үшарал-Достық" (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады", - делінген хабарламада. 

Қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 шақырым) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілетіні айтылған.

Материалдың жалғасын мына СІЛТЕМЕ арқылы оқуға болады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети