Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 марта 2020 11:34

Шенеуніктерге мемқаржыға қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алынбауы мүмкін

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекет қаржысын үнемдеу мақсатында қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алынбауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекет қаржысын үнемдеу мақсатында қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алынбауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен қаржы министрі коронавирусқа байланысты республикалық бюджеттің кірісі төмендегенін атап өтті.

"Біріншіден, Қытай Халық Республикасында өткен жылдың соңында пайда болған коронавирус эпидемиясынын таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізді. Атап айтқанда, осы жылдың ақпан айында Қытайдан жеткізілетін импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, ал физикалық көлемі 27 пайызға төмендеді", - деді ол үкімет отырысында.

Оның айуынша, мұның салдарынан Қытайдан келетін импорт тауарларынан түсетін кеден бажы және салықтардың көлемі 12 пайызға немесе 2,1 миллиард теңгеге азайыпты.

"Бұл кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24 пайызға, темір жол транспорты 14 пайызға азайды. Одан басқа, ақпан айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін импорттық автокөліктің саны 20 пайызға төмендеді", - деді ол.

Сонымен қатар сыртқы нарықта пайдалы қазбалардың да бағасы төмендеген.

"Мыстың бағасы - 6 пайызға, аллюминийдің - 5 пайызға, мырыштың - 10 пайызға, қорғасынның - 3 пайызға төмендеуі 50 пайыздан астам корпоративтік табыс салығын төлеушілердің аванстық төлемдерінің азаюына әсері болды. Сондай-ақ 18 екінші деңгейлі банктердің түсімдері 56 пайызға азайды", - деді Смайылов.

Осы орайда ол республикалық бюджет шығыстар 2 триллион 102 миллиард теңге болғанын, бюджет қаражаты 62 миллиард теңгеге атқарылмағанын, оның 10 миллиард теңгесі үнемделгенін жеткізді.

Үкімет басшысының бірінші орынбасырының айтуынша, мемлекет қаражатын игермеу сомасы - 52 миллиард теңге. Осы орайда ол қандай министрліктер бюджет қаражатын игере алмай отырғанын айтты.

"Ұлттық экономика министрлігі - 15,6 миллиард теңге, ұлттық қауіпсіздік комитеті - 8,3 миллиард теңге, білім және ғылым министрлігі - 4,7 миллиард теңге, әділет министрлігі - 4,6 миллиард теңге, мәдениет және спорт министрлігі - 4,2 миллиард теңге, ішкі істер министрлігі - 3,3 миллиард теңге", - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр бүгінгі экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар жүргізілетінін жеткізді.

"Бірінші кезекте республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады. Оның бағыттары белгіленді. Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды және басқа да имидж шараларын өткізу. Осы бағыттар бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын маңызды емес шығыстар, жобалар мен шаралар қайта қаралады.

"Үшіншіден, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде тағы бір бағыт - ол квазимемлекеттік компаниялардың дивиденттік саясатын қайта қарау", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол теңгенің бағамына байланысты бірқатар шығыс индексацияланатынын айтты.

"Бұл мемлекет борышының қызметін көрсету, кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шетелде Қазақстан азаматтарын емдеу, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар", - деді қаржы министрі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети