Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июля 2020 12:40

Шілде айының басында күніне 100 мың дана парацетамол сатылды - Тұяқбаев

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ru.delfi.lt Фото: ru.delfi.lt

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шаһардағы дәріханаларда шілде айының басында күніне 100 мың дана парацетамол сатылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев шаһардағы дәріханаларда шілде айының басында күніне 100 мың дана парацетамол сатылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 2 аптада қалада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

"Осыдан 2-3 апта бұрын коронавирустың өршуіне байланысты дәріханаларда дәрі-дәрмекке сұраныс едәуір өсті. Мысалы, қала бойынша парацетамол дәрісін мамырда тұтыну көрсеткіші 50 мың дана болса, шілденің басында бұл дәрі күніне 100 мың данаға дейін сатылды. Термометрлерге тоқталайын. Өткен жылы 100 мың дана термометр сатылса, осы жылы (шілде айында - автор) 2-3 күннің ішінде 50 мың дана термометр сатылып кетті", - деді ол өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Алматыда 7 591 адам коронавирус жұқтырды. 4 411 науқас дертінен айықты, 54 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас жазылды, 375 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети