Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июля 2020 13:04

Алматыда парацетамол қоры жеткілікті - Дурманова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aprfd.kz Фото: aprfd.kz

Алматыда парацетамолдың қоры жеткілікті. Бұл туралы Қазақстанның фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда парацетамолдың қоры жеткілікті. Бұл туралы Қазақстанның фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қауымдастық президенті қазіргі таңда дәріханаларда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры барын атап өтті. 

"Бүгінде Алматыдағы дәріхана ұйымдары ыстықты түсіретін дәрілермен барынша қамтамасыз етілді. Дәрі жеткізілетін 105 дәріхана ұйымын Алматы қаласының әкімдігі анықтады. Дәріханаларда, парацетамолдың, ибупрофенның қоры жеткілікті", - деді өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Алайда Марина Дурманова қалада дәріге деген сұраныс айтарлықтай өскен соң, бір адамға тек 2-3 қорап дәрі сатылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев та шаһарда парацетамолдың қоры жеткілікті екенін атап өтті.

"Парацетамол мен аспирин әлі күнге дейін жоқ" деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Қаладағы дәріханаларда бұл дәрілер бар. Біз 900 мың қорап дәрі жібердік. Осы дәрі-дәрмектің үшіншісі - ыстықты түсіретін дәрілер. Қазіргі таңда парацетамолдың қоры - 185 мың. 16 шілдеден айдың соңына дейін 2,2 млн қорап дәрі жеткізіледі. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына шамамен 3 миллион дәрі бердік", - деп түйіндеді сөзін Тұяқбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары шаһардағы дәріханаларда күніне 100 мың дана парацетамол сатылып жатқанын айтқан еді.

Алматыда 7 591 адам коронавирус жұқтырды. 4 411 науқас дертінен айықты, 54 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті. 34 190 науқас жазылды, 375 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети