ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 декабря 2019 | 09:00

Студенттер жатақханасы: төлемақы құны қанша?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"ДиЛМАШ" ЖСШ жатақханасы, Қызылорда қаласы "ДиЛМАШ" ЖСШ жатақханасы, Қызылорда қаласы

Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетін айғақтайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетін айғақтайды.

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ студенттердің  баспанамен қамтылып, алаңсыз білім алу мәселесін оңтайландыру мақсатында біршама жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру үстінде. Осынау орай, "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасын дайындаған болатын.                  

Бұрын, студенттердің жатақханада тұруының шектеулі төлемақысы олардың шәкіртақысының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленген еді. Алайда, құрылыс компанияларының өкілдері шыққан шығынның орынын толдыруды көздейтін бұл көрсеткіші бизнеске де, ЖОО-на да меншік иесі ретінде жатақхананы тиімді басқару мүмкіндігін бермейді деп есептейді. Сол себепті, жатақхана ғимараттарында кәсіпкерлік бағытындағы шарттылықтарды қоса пайдалану жолдары да қарастырыла бастады.


ҚазИТУ жатақханасы, Алматы қаласы

Үшінші бастама жүзеге асырыла бастағаннан бері 5404 орынға 22 нысан іске қосылды.  Жаңадан іске қосылған жатақханаларда бір ай тұру құны орташа 8,5 мың теңгені құрайды. Бұл ірі қалаларда білім нәрімен сусындап, студенттік шақтарын өткізіп, пәтер жалдап жүрген жастар үшін қол жетімді сомма. Мәселен, жаңадан іске қосылған ҚазИТУ жатақханасында - 15000, "ДиЛМАШ" ЖСШ - 4000, "RnR Group" ЖШС  жатақханасында - 10000 теңге. Жатақханалар тұрмысқа қолайлы, жылы, жарық, тегін Wi-Fi, кітапханалар мен коворкинг орталықтармен жабдықталған, көпшілігінің санитарлық тораптары бұрынғыдай баршаға ортақ емес, бөлме ішінде орналасқан.

Айта кетер жайт, орындар көбіне орналасу құқы алғашқы кезекте мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түскен студенттерге, оның ішінде: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, толық емес отбасылары мен көпбалалы аналардың балалары, зейнет жасындағы көпбалалы отбасылардың балаларына жететін. Алға қойылған меже 2022 жылға дейін кемінде жатақханаларда 75 мың жаңа орынды енгізу, түйіткілді мәселенің шешімін тарқатып, заманауи жатақханада тұруға ниет танытқан барлық санаттағы студент жастардың тұрғын жайын шешеді деген сенім мол. 

Рекламный материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer