23 мая 2018 | 12:34

ҰБТ-ға бір ай қалды: Психолог бойдағы үрейді жеңу жолын айтты

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 15-ші рет өтеді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл тестілеудің форматында сол күйінде қалады, тек тапсырушыларға қолайлы болуы үшін аздаған өзгеріс енгізілген. Айта кетейік, биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 15-ші рет өтеді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл тестілеудің форматында сол күйінде қалады, тек тапсырушыларға қолайлы болуы үшін аздаған өзгеріс енгізілген. Айта кетейік, биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

Ал мектеп түлектерінің ҰБТ алдындағы қорқынышын үлкен проблема десе де болады. Маңызды тестілеудің алдында балалардың психологиялық тұрғыдан дұрыс дайын болуының маңызы өте зор. Себебі кез келген талапкерді "ҰБТ-ны қалай тапсырамын?", "Төмен балл жинасам не болады?", "Оқуға түсе аламын ба?", "Биыл қандай сұрақтар болады екен?" деген сұрақтардың мазалайтыны сөзсіз. Бұл қорқыныштарды қалай жеңуге болады? Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі психолог Әсия Фазыловадан балаларға ҰБТ алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болатынын және психологиялық тұрғыдан қалай дайын болу керектігі жайлы кеңес алып көрді.

Реклама
Реклама

Психологтың айтуынша, кез келген емтихан әрдайым стресс және бұл қалыпты жағдай. Cондай-ақ, ол бұл жағдайда мектептегі әрбір мұғалім, әрбір психолог пен отбасының рөлі маңызды екенін айтады.

"Кез келген емтихан, тестілеу болсын, жазбаша немесе ауызша түрде болсын, бұл әр адам үшін үлкен стресс. Бірақ бұл қалыпты жағдай. Ал балалардың, әсіресе, ҰБТ алдында қатты уайымдауына бірден-бір себеп - ересектер, яғни, ата-аналардың өзі мен мұғалімдердің байбалам салуы. Себебі қазір балалардан бұрын ересектердің өзі ҰБТ алдында дабыл қағып, уайымдап жатады. Мұнда мектептегі әрбір мұғалімнің, ондағы психологтардың және отбасының рөлі өте зор. Қарап тұрсақ, мектепте де оқу процесі 9-сыныптан бастап-ақ тек ҰБТ-ға бағытталады. Сол себепті қоршаған ортадағылардың әсерінен осындай қобалжу басталады", - дейді Әсия Фазылова.

"Ата-аналар мен мұғалімдер ҰБТ-ның маңызы жайлы ғана айтады. Сондықтан балалардың сана-сезімінде бұл мәселені шешудің тек бір жолы бар деген түсінік қалыптасады. "Аз балл алып қалсам не болады?", "Ал мүлдем тапсыра алмасам не болады?"  бұл сұрақтардың жауабын олардың өзі де білмейді. Осы мәселенің тек бір жолы бар деп қате ойлауы оларды тығыраққа тірейді. Әрине, мұндай жағдайда барлық мектеп түлектері үшін ҰБТ тек қорқыныш болып көрінуі сөзсіз", - дейді Әсия Фазылова.

Ересектердің балаларға мұның өмірдегі ең маңызды кезең екенін, дегенмен, алдағы өмірде мұндай кезеңдердің көптеп болатынын түсіндіруі өте маңызды. Мысалы, ЖОО-ға түсу, жұмысқа тұру, үйлену, тұрмыс құру, балалардың дүниеге келуі - мұның барлығы өмірдегі маңызды кезеңдер. Сондай-ақ, ата-аналар балаларға өздерінің емтихан тапсырудағы тәжірибесі жайлы айту керек. Мысалы, кезінде олар оқушы бола тұра, студент бола тұра осы емтихандарды қалай тапсырғаны жайлы айтса, бұл да баланың қорқынышын біршама азайтады.

Сондай-ақ, маман емтихан алдында өз кеңестерін бөлісті:

1. Балалар мұның өмірдегі тек ең маңызды кезеңдердің бірі екенін және алда әлі тағы осындай кезеңдердің көптеп болатынын түсіну керек.

2. ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын көз алдына елестетуі қажет: емтиханға қалай кіріп бара жатқаны, тестілеудің қалай өтетіні. Осы арқылы бала бойындағы қорқынышты азайта алады. Барлығын максималды түрде елестету.

3. Оқушы емтиханды тапсыра алмай қалған жағдайда немесе төмен балл алып қалған жағдайда не істейтінін алдын ала ойлауы керек. Барлығына дайын болуы керек. "Тапсыра алмасам барлығы бітті" деп ойламау қажет.

4. Бала міндетті түрде өз эмоцияларын сезінуі тиіс, яғни, эмоцияны сезінуге жол беру керек. Бұл өте оңай. Адам эмоциясын қадағалайтын болса, уайым-қайғы да азаяды. 

5. ҰБТ-ға дайындық кезінде мектеп ұжымы мен отбасы үнемі бірге жұмыс істеп отыру керек. Мұның бала психологиясы үшін маңызы зор.

6. Баланы "өзін-өзі реттеу әдісіне" үйрету керек. Әр баланың жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың өзін-өзі реттеуге итермелеп, білім алуына және емтиханға дайындалуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

Сондай-ақ, психологтың айтуынша, ата-аналарда балаларына осы емтиханның өте маңызды екенін ескертіп, ол жайлы қайта-қайта айта беру әдетке айналған. Нәтижесінде, ата-ана баланы керісінше үрейлендіріп, қорқынышты асыра түседі.

"Ата-аналар бұл жайлы айтпаса, балалары емтиханға немқұрайлы қарап кетеді деп ойлайды. Дәл осы кезде бүкіл отбасы "емтиханға дайындала бастайды". Яғни, мектепте мұғалімдерден, ал үйде ата-анасынан қысым көрсетіледі. Сондықтан осы жағдайда балалар емтихан тапсыруға деген мотивациясы, ынтасы жоғарылап кетеді. Мотивацияның жоғалып кетуі соншалық нәтижесінде бұл жұмыстың тиімділігі мен өнімділігі төмендеп, балалар көп жағдайда ойлағаннан төмен нәтиже көрсетіп жатады", - деп қорытындылады Әсия Фазылова. 

Айта кетейік, былтыр Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 20-27 маусым аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627-сі (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968-і (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, тестілеуге 88 583 адам қатысқан,

ҰБТ-ға үш ай қалды. Қалай дайындалған дұрыс?


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная