РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
26 марта 2024 | 09:26

"Үйден шыға алмай отырмыз". Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қарауылкелді ауылының тұрғындары үйден шыға алмай отырғандарын айтады. Себебі ауыл ішіне кірген еріген қар суы үйдің ішіне дейін кірген. Тұрғындар көшеде су кешіп жүр.

"Жылда осы жағдай қайталанады. Былтыр да үйімізді су басқан. Биыл да міне, әбігерге түсіп отырмыз. Мен сыртқа шыға алмай отырмын. Су етіктен асып кетіп тұр. Үйдің ішіне кіріп жатыр. Қора, сарайдың бәріне су кірді. Сарайдың бір шеті құлады. Көршілеріміздің де жағдайы осындай", - дейді Барақ батыр көшесінің тұрғыны Гүлмира.

Тұрғындар былтыр да үйлерінің суға кеткенін айтады.

Ал Байғанин аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан әкімі Айбек Көпенов жағдайдың бақылауда екенін айтты.

"Республикалық "Ақтөбе-Астрахан" тас жолының су өткізгіш құбырлары арқылы аудан орталығына дала суы кіріп, бірнеше көшеге жайылды. Шамамен төрт-бес көшені су басып, үйлердің аулаларына су келді. Аудан әкімдігі жанындағы штаб шұғыл әрекет етіп, қауіптің негізгі дені сейілді. Судың деңгейі қайтты", - деді аудан әкімі.

Суреттер: Massaget.kz

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer